
25 Қазан, 2016
2412
«Еврей жаңа жылы» тойланды.
Орал қаласының Достық үйінде Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Ламед» еврей этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Еврей жаңа жылы» тойланды.
Іс-шараға Қазақстандағы Ресей Федерациясының консулы Саид Забитов, Батыс Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Данильбек Саратов, этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері қатысып, құттықтау сөздерін жеткізді.
Бұл жолы еврей халқының Жаңа Жыл мерекесі «Этностартың мәдени күні» жобасы аясында өткізілуде. Қазақстан Республикасының 25 – жылдығына арналған аталмыш мереке мақсаты - патриотизмді нығайтуға ықпал ету, ұлттық дәстүрлерге құрметпен қарау, азаматтарды біріктіру, топтастыру, достық пен халықаралық бірлікті сақтау. Батыс Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Данильбек Саратов өз сөзінде: «Халықтар достығы мен ұлтаралық, конфессияаралық келісімді нығайту, ұлттық бірлікті сақтау біздің Тәуелсіз еліміздің басты бағыттарының бірі. Қазақстанда тұратын ұлттар мен ұлыстардың дәстүрлерін, тілдері мен діндерін, салттарын сақтау және дамыту мемлекетіміздің саясаты», – деді.
Еврей Жаңа жылы Рош а Шана қыркүйек, қазан айларында еврейлердің тишри календары бойынша тойланады. Жаңа жылда еврей халқы өткен жылдағы өмірін талдап, жаңа жылға таза ниетпен аяқ басып кіру керек деп санайды.
***
Еврей этномәдени бірлестігі 1989 жылдан бастап облысымызда жұмыс жасап келеді, Батыс Қазақстан облысында 1500 астам еврей ұлты мекендеген - олар қоғамның барлық саласында еңбек етіп, елімізді көркейтуге атсалысуда.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ТОЙЛАНДЫ
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: татулық пен келісімнің 30 жылы» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті
-
ЖАҢА ӨМІРДІҢ ЖАРҚЫН БАСТАМАСЫ
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңажылдық құттықтау сөзі
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
вчера, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
Ұқсас жаңалықтар
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ТОЙЛАНДЫ
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: татулық пен келісімнің 30 жылы» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті
-
ЖАҢА ӨМІРДІҢ ЖАРҚЫН БАСТАМАСЫ
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңажылдық құттықтау сөзі