Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Қыркүйек, 2019

1675

Форум қатысушылары Үндеу жариялады

Бүгін Алматы қаласында өткен "Қоғамдық келісім кеңесінің қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартудағы рөлі" республикалық форумының қатысушылары халыққа Үндеу жариялады. Олар үндеу арқылы Президент Жолдауында басымдық берілген халықтың тұрмыстық әл-ауқатын жақсарту мақсатында азаматтық қоғам инситуттары мен мемлекеттік органдардың жұмысын жаңа бағытта дамытуға және оған халықтың барлық белсенді топтарын ауызбіршілікпен атсалысуға шақырды.

 ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ

ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КЕҢЕСТЕРІНІҢ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫНА

ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ҮНДЕУІ

                                         

Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңестерінің республикалық     форумы     Қазақстан     Республикасының   Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асырудағы Қоғамдық келісім кеңестерінің рөлі туралы мәселені талқылай отырып, мыналарды мәлімдейді:

Президенттің Жолдауы – біздің қоғамдағы өте өзекті және кезек күттірмейтін мәселелерді шешуге бағытталған экономикалық, әлеуметтік және саяси шаралардың ойластырылған және ұтымды кешені.

Қазақстанның барлық азаматтарының әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты, еліміздің дамуы, әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына кірудің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу - бұл міндеттердің іске асырылуына байланысты болады.

Мемлекет Басшысы аталған мәселелерді сындарлы қоғамдық диалог, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың тиімді өзара іс-қимылы негізінде шешуге шақырды.

Ол үшін барлық жағдай жасалған – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі жұмыс істей бастады, мемлекеттік органдар жанындағы қоғамдық кеңестер, Қоғамдық келісім кеңестері мен Аналар кеңестері, республикалық және өңірлік бірнеше диалог алаңдары жұмыс істейді.

Олардың қызметі дамудың барлық спектрі бойынша шешімдер қабылдауға қоғамның және азаматтардың белсенді қатысуын, елдегі тұрақтылықты, қоғамдық келісімді және реформалардың шешуші, бірнеше рет сынақтан өткізілген шарты ретінде жалпыұлттық бірлікті сақтауды қамтамасыз етуге арналған.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңестері барлық деңгейде халықтың өзекті мәселелерін шешу жөніндегі сындарлы диалогқа шақырады.

Біз қоғамның әлеуметтік жетістіктері өнімді еңбекке негізделе алатынына және солай болуы тиіс екеніне нық сенеміз және жастарды бірінші мамандық алуда, өз бизнесін ашуда, жастар кәсіпкерлігін дамыту кезінде мемлекет ұсынатын барлық мүмкіндіктерді пайдалануға шақырамыз.

Біз табысты кәсіпкерлерді өз тәжірибесімен бөлісуге, экономикаға қалың бұқараны тартуға, әсіресе ауылдарда жаңа жұмыс орындарын ашуға шақырамыз.

Қоғамдық келісім кеңестері Елбасының тапсырмалары мен Мемлекет Басшысының Жолдауы міндеттерін іске асыру барысына қоғамдық бақылауды кең ауқымда ұйымдастыруды көздейді.

Қазақстан халқы Елбасының сындарлы саясатымен сабақтасқан бірлік пен келісімнің арқасында табысты, қалыптасқан мемлекет құрды.

Бүкілхалықтық сенім мандатын алған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік құрылыстың жаңа кезеңінде стратегиялық бағыттың сабақтастық саясатын жалғастыруда.

Біз Президенттің сайлау алдындағы бағдарламасының айналасында бірігуге, Жолдаудың міндеттерін жүзеге асыруға бар күш-жігерімізді салуға, біздің ұрпақтың тарихи миссиясын орындауға – қуатты және гүлденген Қазақстанды өркендетуге шақырамыз!

 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша none;text-underline:none">ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Кейін қарай