29 Қараша, 2016
846
Фотоэкспозиция мен көрме өткізілді
2016 жылғы 27 қарашада Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде «Ұлы Дала Елі - Тәуелсіздіктің 25 тұғыры» атты Тәуелсіздіктің 25 жұлдызды күнін жүзеге асыру аясында «Үлкен ел - Үлкен отбасы» фотоэкспозициясы мен Қазақстан халқы ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің Тәуелсіздік жылдары ішіндегі жетістіктерінің көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында фотосуреттер көрмесі де болып өтті. Бұл көрменің басты мақсаты - мәдени, тарихи құндылықтарды сақтау және өнер арқылы халыққа тарату; адамдар арасындағы достық пен түсіністікті нығайтуға үлес қосып жүрген танымал тұлғалардың бейнесін көрсету, Қазақстанды мекендейтін түрлі этностардың тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрімен таныстыру.
Этномәдени бірлестіктер ұйымдастырған көрме Қазақстан халқы ассамблеясының Тәуелсіздік жылдары ішінде қол жеткізген жетістіктерін айқындайды.
Ұйымдастырушы: ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Іс-шараға қатысқандар: Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері; Түрікменстан Елшілігінің Қазақстан Республикасындағы консулы; Алматы қалалық этномәдени бірлестіктері; этномәдени орталықтардың жастары; «Жарасым» республикалық жастар ұйымының мүшелері; Алматы жоғары оқу орындары жанындағы «Жарасым» жастар клубының мүшелері; Т. Жүргенов атындағы Қазақ өнер академиясының оқытушылары мен білімгерлері; ЭМБ шығармашылық ұжымдары; БАҚ өкілдері.
Салтанатты іс-шараны Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Питаленко Л.Н. алғысөз сөйлеп, ашты.
Сөз сөйлегендер: «Барбанг» Қазақстан күрділері қауымдастығының төрағасы Мирзоев К.И.; Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары үйлестіру кеңесінің мүшесі, «Халық қаһарманы» республикалық сыйлығының лауреаты, ардагер Осипов А.А.; Алматы қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Мамсуров К.В.; Түрікмен этномәдени бірлестігінің төрайымы Аннакулиева Г.А.; «Жарасым» республикалық жастар ұйымы төрағасының орынбасары Кайрыев Рустам.
Іс-шара қонақтары мен қатысушылары үшін мерекелік концерттік бағдарлама дайындалды. Мұнда «Дала сазы» домбырашылар ансамблі, «Бірлік» қарашай-балқар этномәдени орталығы жанындағы «Минги Тау» би ұжымы, Т. Жүргенов атындағы Қазақ өнер академиясының магистранттары, «Жарасым» РЖҰ шығармашылық ұжымы өнер көрсетті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
вчера, 11:50