Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Тамыз, 2015

2812

Фотокөрме «Менің елім. Менің отбасым. Менің тарихым»

2015 жылдың 26 тамызында ҚР Мемлекеттік орталық музейінде Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Менің елім. Менің отбасым. Менің тарихым» атты көрме ашылды.

2015 жылдың 26 тамызында ҚР Мемлекеттік орталық музейінде Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Менің елім. Менің отбасым. Менің тарихым» атты көрме ашылды. Көрме Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы, Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ, ҚР Мемлекеттік орталық мұрағаты, ҚР кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбаларының орталық мемлекеттік мұрағаты, Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатымен бірлесіп дайындалды. Көрменің мақсаты: Қазақстан халқының еркіндігін, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі болғандықтан, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыруға ұмтылуын, оның өмірін, құқығын және бостандығын бейнелейтін, барлық ұлттардың теңдігін заңды түрде бекітетін және этномәдени бірлестіктерді дамытуға мүмкіндік беретін мемлекетіміздің Ата Заңы – Қазақстан Республикасы Конституциясының тарихи рөлі мен саяси-құқықтық мәнін ашу. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік жылдары түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы достық қарым-қатынастарды дамытуға мүмкіндік берген  Қазақстан халқы Ассамблеясының біріктіруші рөлін көрсету.

Бүгінде бір шаңырақ астында – Қазақстанда бейбітшілік және үйлесімділікпен өмір сүріп келе жатқан барлық этностарды берік достық қарым-қатынас пен өзара түсіністік байланыстырады. Көрмеде ҚР Мемлекеттік орталық музейі қорынан фотоқұжаттар, кітаптар, жәдігерлер, ҚР Президентінің мұрағатынан, ҚР Мемлекеттік мұрағаты мен Кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбаларының орталық мемлекеттік мұрағатынан құжаттардың көшірмелері алынып қойылды. Көрменің салтанатты ашылу рәсімінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ни Любовь Августовна сөз сөйледі.

Көрмеге Алматы қаласындағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ҚХА кафедралары, Алматы қалалық мәслихатының «Ынтымақ» депутаттық тобы, Алматы қаласындағы ҚХА ғылыми-сарапшылар тобы, ҚХА журналистер клубы, «Жарасым» РЖҰ, БАҚ өкілдері қатысты.

Кейін қарай