
23 Қаңтар, 2016
959
Гайнутдин Ташимовтың мерейтойы
21 қаңтар күні «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің акт залында «Чишмя» – татар-башқұрт, «Сеспель» – чуваш этномәдени бірлестіктерінің және Славян мәдени орталығының ардагерлері хорының жетекшісі Гайнутдин Айнутдинұлы Ташимовтың 60 жасқа толған мерейтойы аталып өтті. Мерейтойға Достық үйінің көптеген шығармашылық ұжымдарының қатысушылары, облыстық ҚХА мен «Қоғамдық келісім» КММ жетекшілері және мерейтой иесі өнерінің сүйермендері келді.
Гайнутдин Ташимов 1956 жылы Павлодар қаласында дүниеге келді. Оның өнер жолы музыка мектебінің баян сыныбындағы, кейін музыка училищесіндегі орыс халық аспаптары бөліміндегі оқуынан басталды. Училещені тәмамдаған жас маман №13 кешкі мектепте ән-күй мұғалімі болып еңбек етті. 1976 жылғы мамыр айында Гайнутдин Айнутдинұлы әскерге шақырылып, Талдықорғандағы танк әскерінде борышын атқарды. «Ауыр техниканы меңгеруге де музыка өз көмегін берді»,- дейді Гайнутдин Айнутдинұлы.
Уақыт өте келе жас Гайнутдин танк полкінің үрлемелі оркестріне шақырту алады. Әскерден кейін жас маман музыка мектебіндегі жұмысын жалғастырады. 1983 жылдан бастап Павлодар трактор зауытына токарь болып орналасып, содан Павлодар алюминий зауытында 23 жыл еңбек етеді. Өнерпаз өнеркәсіптерде жұмыс істей жүре шығармашылық өнерін тастамайды. 1988 жылы Павлодар қаласында жаңадан құрылған «Чишмя» ансамблінің белсенді қатысушысы болды, ал 1990-шы жылдан бастап бұл ұжымға жетекшілік етіп келеді.
2000 жылы ол Инновациялық Еуразиялық университетіне музыка факультетіне оқуға түседі. Тағдырдың жазуы болар, жоғарғы оқу орнында Гайнутдин Айнутдинұлы чуваш этномәдени бірлестігінің бірінші төрағасы Федотов Василий Артемьевичпен танысады. Василий Артемьевич Гайнутдин Айнутдинұлына чуваш этномәдени бірлестігінің «Сеспель» вокалдық ансамбліне жетекшілік етуге ұсыныс жасайды. 2008 жылдан бастап мерейтой иесі Достық үйінде жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда ол «Чишмя», «Сеспель» ансамблдеріне және Славян мәдени орталығының ардагерлері хорына жетекшілігін жалғастырып келеді.
Гайнутдин Ташимовтың өнер жолындағы қолдаушысы және көмекшісі оның жары Залия Мухтасимовна болып табылады. Отау құрғандарына 34 жыл болған Ташимовтар - Альфия және Надия атты инабатты қыздарын өсірген өнегелі жанұя. Айта кететін жайт, дәл осы күні Гайнутдин Айнутдинұлының Альфия атты қызы өзінің 30 жасқа толғанын атап өтуде.
Аталған думанға ортақтаса келе бұл күні меретой иесіне деген тілектері мен ыстық лебіздерін хатшылық меңгерушісі, облыстық ҚХА төрағасының орынбасары Жетпісбаев Сейсембай Қалижанұлы, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Қайыргелдинов Оразгелді Әліғазыұлы, Павлодар облыстық «Чуваш қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Софронова Елене Ивановна, «Славян мәдени орталығының» төрайымы Кузина Татьяна Ивановна, «Павлодар облысының татар-башқұрт қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Иванова Венера Альфредовна білдірді.
Бұл күні Достық үйінің акт залы гүлдер аллеясына айналды, басқаша болуы да мүмкін емес еді. Осының барлығы, Гайнутдин Айнутдинұлының өнері бағалайтын және сүйетін көрермендердің оған деген ыстық ықыласы мен махаббатының айқын айғағы.
Айтпаев Мақсат
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби кездесу өтті
-
Петропавл: Достық үйінде Абайдың 175 жылдық мерейтойын атап өтті
-
Петропавлда медицина ғылымдарының докторы Жанбатыр Сартаевтың 80 жылдық мерейтойы аталып өтті
-
Петропавлда Александр Пушкиннің 220 жылдық мерейтойы аталып өтті
-
Ақтауда «Альтаир» халық би ансамблі 55 жылдық мерейтойын атап өтті
-
Саран қаласының 65-жылдығы облыстық неміс мәдениетінің фестивалімен аталып өтті
вчера, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
7 Тамыз, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби кездесу өтті
-
Петропавл: Достық үйінде Абайдың 175 жылдық мерейтойын атап өтті
-
Петропавлда медицина ғылымдарының докторы Жанбатыр Сартаевтың 80 жылдық мерейтойы аталып өтті
-
Петропавлда Александр Пушкиннің 220 жылдық мерейтойы аталып өтті
-
Ақтауда «Альтаир» халық би ансамблі 55 жылдық мерейтойын атап өтті
-
Саран қаласының 65-жылдығы облыстық неміс мәдениетінің фестивалімен аталып өтті