Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Қаңтар, 2016

830

Гитараны серік еткен

Өткен сенбі күні Павлодардағы Достық үйінің акт залында жергілікті композитор, ақын, әнші Константин Симоновтың 55-жасқа толуына арналған шығармашылық кеш өтті. Демалыс күніне қарамай, аталмыш кеш иесін мерейтойымен құттықтауға достары мен туыстары, әріптестері мен оқушылары, оның өнерін құрметтеушілер келді.

Константин Симонов Поволожье және Оралдың ірі өнеркәсіптік, ғылыми-білім беру және мәдени орталығында, Ресей Федерациясы Удмурт Республикасының астанасы Ижевск қаласында дүниеге келген. Мерейтой иесінің балалық кезі және жастық шағы туған қаласында өткен. Кейін Павлодар индустриалды институтында оқыды. Константин жас және жылдам дамыған Павлодар қаласын ұнатып, туғанындай болып, осы қалада қалуға бел буды. Сөйтіп Қазақстан Константин Симоновтың екінші Отанына айналды.

Мерейтой иесі бала кезінен өзінің әдемі дауысымен ерекшеленді. «Анамның және әкемнің айтқан бесік жыры әлі де менің жүрегімде», - дей отырып мерейтой иесі, музыка әлемі оны өзіне қалай баурап алғанын айтты.  «Бала бақшада хормен ән айту әнге деген сүйіспеншілігімді күшейтті, кейін мектепте хорда ән айту және мектептік театрда ойнау көрермендер алдындағы қорқынышты жойды», - деп қосты мерейтой иесі.

Мерейтой иесінің «жеке іс парағын» қарап отырып, кештің жүргізушісі, фин-угор этномәдени бірлестігінің төрайымы Ольга Леонидовна Николашина Константин қолына алғаш рет гитараны алған кезіне тоқталды. Ал бұл Пермь өзен училищесінде білім алған жылдарда басталған. Ол кезде 16 жасар Константин әнді сүйіп және жақсы айтатын, бірақ өзінің топтастары сияқты гитарада ойнау білмейтініне өкінетін. Аспапта ойнап үйренуге деген  зор ынтасы жемісін берді. Мерейтой иесі гитарасын қолына алып, ақырын дауыспен 70-ші жылдары әйгілі болған «Иволга в малиннике поет» әнін айта бастады. Оның сүйген аспабына деген ықыласы ғажайып жайларға себепші болды -   Константин 17 жасында өзінің алғашқы әнін жазды. 

2015 жылғы ақпанда мерейтой иесі фин-угор этномәдени бірлестігін құру бойынша бастамашы топ мүшесіне шақырылды, онда ол туған удмурд тілінде ән айтып, өзінің бұрынғы арманының бірін жүзеге асыратын болды. Бірақ Константин тек қана ән айта алмайды. Фин-угор этномәдени бірлестігінің қолдауымен ол түрлі жағдайларға байланысты өзінің жұмысын тоқтатқан ұжымды қайта құруда. Кешке келген барлық қонақтар «Ошмес» вокалдық-аспаптық ансамлінің екінші рет туғанының куәгері болды. «Ошмес» удмурд тілінен аударғанда «бұлақ» - «родник». Ансамбльдің орындауында әйгілі болған және бәрі сүйіп тыңдайтын әндердің қатарында мерейтой иесінің «Незабудка», «Благодарность Павлодару» авторлық әндері де орындалды.

Тамаша адамның өмір жолын қорытындылай келе, оған жақсы сөздер мен тілектер айту дәстүрі бар. Ал мерейтой – бұл дәстүрді іске асырудың керемет мүмкіндігі! Аманшылық, табыс және де шығармашылық қызметінде жаңа биіктерге шығуын тілеп, Константинді барлық қонақтар құттықтады. Олардың  қатарында – облыстық ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары Абдурашид Мумади, мерейтой иесінің оқытушысы және тәлімгері Шафер Наум Григорьевич, Павлодар облысы әскери-патриоттық тәрбиелеу қауымдастығының төрағасы Жан Қайыркенұлы Қаратаев, «Қазақстан алюминиі» АҚ кәсіпорнынан әріптесі Рафаэль Мухаметжанов болды.

Іс-шараның екінші бөлімі де шын ықыласты және шуақты болды, онда қонақтар қала бардтарының шығармашылық өнерін тамашалады. Осы күні музыканттардың орындауындағы барлық шығармалар  мерейтой иесі, өз ісін білетін және жақсы көретін, адал, лайықты жұмыс істейтін адамға арналды.

   

   

 

 

                   

  Айтпаев Мақсат

Кейін қарай