Қазақстан халқы Ассамблеясы

20 Мамыр, 2024

85

ТАТУЛЫҚТЫ ТУ ЕТКЕН ЖАНДАР ТҮРКІСТАНДА

Сырдария ауданы әкімдігінің қолдауымен және «Сырдария ауданы Әйелдері» қоғамдық бірлестігі мен облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-і Сырдария аудандық бөлімшесінің ұйымдастыруымен сырдариялық этнос өкілдері киелі мекен Түркістан қаласына барып, тарихи орындарда саяхаттап қайтты.

Саяхаттың негізгі мақсаты мызғымас тәуелсіз еліміздің көрікті жерлерін аралау, бірлігі жарасқан еліміздегі тарихи орындармен танысу, ынтымақ пен бірлікті насихаттау.

Ауданның этнос өкілдері саяхат барысында Арыстан баб пен Қожа Ахмет Яссауи кесенелерінде болып, қазақ тарихы мен хандары, билер мен батырлары туралы мәліметтер алды.

Жалпы Сырдария ауданында орыс, кәріс, неміс, татар, өзбек, украин, қырғыз, молдаван, башқұрт, түрікмен, беларус, сынды 11 түрлі ұлттан барлығы 453 адам тату-тәтті өмір сүруде. Этнос өкілдері аудан экономикасының өркендеуі мен әлеуметтік ахуалының жақсаруына атсалысып келеді. Ауданда этносаралық қатынастарды үйлестіріп, ұлттардың тілі мен дәстүрін ұлықтауды мақсат еткен арнайы бірлестіктер жұмысы жолға қойылған.

Аудан орталығында этнос өкілдерінің басын қосқан «Достық үйі» қызмет көрсетеді.


Кейін қарай