Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Тамыз, 2020

681

«Glück» неміс клубының жастары медиация негіздерімен танысты

«Glück» неміс жастар клубының қатысушылары медиация күні қарсаңында онлайн режимінде кездесу өткізіп, мамандардан медиация негіздері туралы кеңес алды.

«Glück» КХМ белсендісі Алиса Грошева Қазақстандағы медиаторлар кәсіби және кәсіби емес негізде болуы мүмкін екенін, кәсіби негізде медиатор қызметімен қырық жасқа толған, кәсіби емес медиаторлар тізілімінде тұрған тұлғалар айналыса алатындығын айтып берді. Сол сияқты ол кәсіптік емес негізде: жоғары білімді, жиырма жасқа толған, оқудан өткенін растайтын құжаты, сертификаты бар тұлғалар және отставкадағы судьялар айналыса алатынын айтты.


Алиса студент кезінен бастап, медиация ілімдеріне қатысты түрлі семинарлар мен конференцияларға қатысып келеді. Сондықтан оның жастармен бөлісер ақпараты да қомақты.

Еске сала кетсек, "Медиация туралы" ҚР Заңы 2011 жылғы 5 тамызда күшіне енген еді. Осы Заң ҚР-да медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ медиатордың мәртебесін айқындайды.

Кейін қарай