Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Сәуір, 2016

2814

Гродеково ауылының көңілді ансамблі

               2003 жылы құрылған «Русская красавица» ансамблі бүгінде Жамбыл ауданы Гродеково ауылының бетке ұстар мақтаныштары. Ансамбль құрамында әртүрлі жас пен әртүрлі мамандық иелері бар, олар Галина Мершиева (53 жаста), Наталья Ким (58 жаста), Ольга Гаврикова (56 жаста), Мария Шторц (66 жаста), Марина Мирпочаева (61 жаста), Надежда Петькова (58 жаста), Татьяна Гарбуз (44 жаста) және Ольга Стродубцева (41 жаста). Олардың барлығын орыс халқының әндеріне деген қызығушылық біріктіреді.

Бұл сүйіспеншіліктерін олар әндері мен билері арқылы көпшілікке көрсетіп жүр. Ансамбль мүшелері бар ынтасымен жұмысқа беріліп, өздерінің сүйікті ісімен айналысқандарына риза.

«Русские красавицы» ансамблі аудандық және ауылдық округтердің барлық мерекелік іс-шаралары мен фестиваль, байқауларына қатысады. Жоғары дәрежелі сыйлықтары – соның айғағы. Мысалы,  «Тілі басқа – тілегі бір» және «Тілі бірдің – тілегі бір» тақырыптарында өткен байқауда, жыл сайын өтетін «Ауылым – алтын бесігім» фестивалінде 1-ші орынға ие болды, «Ел іші - өнер кеніші» байқауында 3-ші орын алды.

 Сонымен қатар, ансамбль мүшелері ұлттық қолданбалы өнер және қолөнер көрмелерін ұйымдастырып, халықтар достығы фестивальдеріне қатысып, көпшілікті өз ұлтының мәдениетімен, дәстүрімен, әдет-ғұрыптарымен таныстырады.

 Ансамбльге демеушілік ететін - «Тимофеев» шаруа қожалығының басшысы Андрей Тимофеев. Осындай демеушіліктің арқасында су жаңа концерттік сарафандар мен орамалдар тігілді. Ансамбль басшысы Гродеково ауылының кітапхана меңгерушісі  Татьяна Николаевна Андрей Тимофеев пен басқа да кәсіпкерлерге үлкен алғысын білдіреді. Ансамбль мүшелері болашақта халық әндері мен билері  арқылы сүйікті көрермендеріне  қуаныш сыйлай бермек. 

 

Жамбыл облысы әкімі аппараты

«Қоғамдық келісім» КММ  баспасөз-қызметі

Кейін қарай