27 Тамыз, 2019
1611
Қостанайдың тәжік-өзбек этномәдени бірлестігі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне мереке сыйлады
Қостанайдың «Шарк» тәжік-өзбек этномәдени бірлестігі «Алтынгүл» жазғы лагерінің тәрбиеленушілеріне мереке сыйлады.
«Шарк» тәжік-өзбек этномәдени бірлестігі отбасылық үлгідегі «Жанұя» балалар ауылының тәрбиеленушілеріне мерекелік бағдарлама ұйымдастырып, сыйлық таратып, қамқорлық танытып келеді. Бірлестіктік мүшелері бұл жолы жазғы лагерде демалып жатқан балалар үшін игі іс-шара ұйымдастырды.
«Біз жаңа оқу жылының алдында балалардың көңіл-күйін көтергіміз келді, оларға ұлттық тағамымыз – палаудан дәм татқызып, қарбыз бен қауын сыйладық», - дейді бірлестік төрағасы Эргашвой Холметов.
Құрбан айт мерекесінде 1200 адамға дәмді ас үлестірген Асадулла Давлятов есімді тәжірибелі аспаз үлкен қара қазанда 250 адамға шақтап өзбек палауын әзірледі.
«Палау дәмді болу үшін қатты сұрыпты күріш қажет, суды мол құю керек. Ноқат, кептірілген өрік, ащы бұрыш қосуға болады. Кейбіреулер лимон қосып жатады. Өзбек халқының палауын даярлау үшін бір келі қой еті, бір келі күріш, бір жарым келі сәбіз, бір литр су, пияз бен сарымсақ қажет. Екі сағаттан соң дәмі тіл үйірер палау дайын боп шығады. Кез келген тағамды ынтамен жасау керек, сонда оған баға жетпейді», - дейді аспаз.
Іс-шара аясында Қожанасырды сомдаған жас өнерпаз балалармен бірге табиғат аясында ойнап, би биледі, оларға жұмбақ жасырды.
Балалар да мерекелік бағдарлама дайындап, қонақтарға арнап әсем ән шырқап, мың бұрала би билеп берді.
Екі сағаттан соң палау дайын болып, барша қатысушылар дастарқан басына жиналды. Іс-шара соңына қарай балаларға қарбыз бен қауын ұсынылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Қостанай облысы
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19