Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Желтоқсан, 2021

578

III Интернационал ауылында түрік этносының мәдени күніне арналған іс-шаралар ұйымдастырылды

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Сыр өңірі – бейбітшілік пен келісімнің мекені» жобасы аясында облыстық түрік этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен Қармақшы ауданы III Интернационал ауылында түрік этносының мәдени күніне арналған кешенді іс-шаралар өтті.

Қоғамдық келісім кеңесінің отырысына облыстық кеңестің төрағасы Асылбек Жұмабаев және «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Фархат Әбдібағдатұлы қатысты. Отырыста тәуелсіздік жылдарында еліміздің қол жеткізген жетістіктері және тәуелсіздіктің басты жетістіктерінің бірі – елімізде тұратын барлық этнос өкілдері арасындағы бірлік пен келісімнің маңыздылығы туралы, сондай-ақ облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы туралы айтылды.

«Ана – ұлттың ар-ұяты» атты облыстық Аналар кеңесі мен Қармақшы аудандық Аналар кеңесінің бірлесе ұйымдастырған отырысына облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Рахима Ахметова, облыстық мәслихат депутаты Дильфура Байрахтарова, облыстық және аудандық Аналар кеңесінің мүшелері қатысты. Отырыста отбасылық құндылықтарды сақтау, қыздарды тәрбиелеу, отбасындағы әкенің рөлі, ажырасу мәселелері және отбасылық саясаттың басқа да өзекті мәселелері талқыланды.

Цай Ден Хак атындағы мәдениет үйінде түрік этносының мәдениет күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Фархат Әбдібағдатұлы, облыстық этномәдени бірлестіктер мен облыстық ҚХА құрылымдарының басшылары және III Интернационал ауылының тұрғындары қатысты.

Іс-шара қонақтары үшін мәдениет үйінің фойесінде түрік ұлттық тағамдары мен қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі дайындалды.

Салтанатты жиын барысында «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Фархат Әбдібағдатұлы құттықтау сөз сөйлеп, достық пен бірлікті сақтауға және нығайтуға қосқан үлесі үшін бірқатар ауыл белсенділеріне алғыс хаттар табыс етті.

Мәдениет күнінің концерттік бағдарламасы әндер мен билермен безендіріліп, түрік және қазақ халқына ортақ әдет-ғұрыптар көрсетілді. Мерекелік концерт «Достық биімен» аяқталды.

Кейін қарай