16 Қыркүйек, 2019
1264
Израиль мен Батыс Қазақстан экономика мен агробизнес салаларында ынтымақтасуға ниетті
Израильдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Лиат Вексельман Орал қаласында «Ламед» еврей этномәдени бірлестігінің мүшелерімен кездесті.
«Бизнес-форумға қатысуға облыс әкімінен арнайы шақырту алған болатынмын. Мұнда келуімнің тағы бір себебі, атқарушы билік өкілдерімен, еврей қауымдастығымен және кәсіпкерлермен танысып, тығыз іскерлік қарым-қатынас орнатсақ дейміз. Осы мақсатта ақпараттық және электронды технология, ауыл шаруашылығы, энергетика салаларындағы үздік үдерістермен бөлісу үшін киберқауіпсіздік және жасанды интеллект технологияларымен жұмыс жасайтын израильдік компаниялардың өкілдері де еріп келді. Екі ел арасында энергия тасымалы, технология жаңалықтарын игеру бойынша өзара тиімді келісімдерге қол жеткіземіз деп ойлаймын», – дейді Лиат Вексельман.
Сондай-ақ, Елші Израильдің Батыс Қазақстан облысымен ауылшаруашылығы саласында ынтымақтасуға ниетті екенін жеткізді.
Өз кезегінде БҚО ҚХА «Ламед» еврей этномәдени бірлестігінің төрағасы Феликс Баюканский еврей орталығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы туралы кеңінен айтып берді.
«Осы жылы 16 желтоқсанда біздің бірлестіктің құрылғанына 30 жыл толады. Қала бойынша еврей қауымдастығы барлық іс-шараларға үнемі қатысып келеді».
23 жыл еврей этномәдени бірлестігін басқарған Ольга Дергачева болса Батыс Қазақстандағы еврейлердің соғыс жылдарындағы өмірі туралы кейбір тарихи деректермен бөлісті.
Кездесу барысында қатысушылар елшімен сұқбат құрып, сұрақтарын қойды.
Лиат Вексельман қазақстандықтарға жемісті ынтымақтастық достық ілтипат үшін алғыс білдіріп, тарихи отандастарын 29 қыркүйек – еврейлердің Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Наурыз мейрамы қарсаңындағы маңызды кездесулер
-
Алматыда Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби кездесу өтті
-
Семейде «Тұңғыш Президент Жолымен» халық экспедициясының» шеңберінде шаралар өтті
-
Қарағандыда Еркіктілер жылы салтанатты түрде бастау алды
-
Ақтөбе: ҚХА Шығыстың Аристотелі - Әль-Фарабидің 1150 жылдығын атап өтті
-
Көкшетау: Жастар чуваш халқының халық дәстүрлерімен танысып, әндерін орындап, түрлі ойындар ойнады
13 Наурыз, 14:58
Маңғыстау облысының Достық үйінде «Ақсақалдардың аталы сөзі» Ақсақалдар кеңесінің республикалық конференциясы өтті
14 Наурыз, 17:17
Абай облысында Наурызнаманың онкүндігі басталды
14 Наурыз, 12:27
Этномедиацияны дамыту мәселелері талқыланды
14 Наурыз, 10:28
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амал күнімен құттықтады
14 Наурыз, 10:41
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Амал күнімен құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
-
Наурыз мейрамы қарсаңындағы маңызды кездесулер
-
Алматыда Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби кездесу өтті
-
Семейде «Тұңғыш Президент Жолымен» халық экспедициясының» шеңберінде шаралар өтті
-
Қарағандыда Еркіктілер жылы салтанатты түрде бастау алды
-
Ақтөбе: ҚХА Шығыстың Аристотелі - Әль-Фарабидің 1150 жылдығын атап өтті
-
Көкшетау: Жастар чуваш халқының халық дәстүрлерімен танысып, әндерін орындап, түрлі ойындар ойнады