Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Маусым, 2015

874

Көңілден! Сабантуй келді!

Өткен  жексенбіде  Шымкенттегі  Абай  атындағы саябақта  жұртшылық көп жиналдыхалық әуендері ойналып, ойнақы әуендер жиналғандардың делебесін қоздырғаны сондай, көпшілік қалайша билеп кеткендерін байқамай да қалды. Жан-жақтан жарқын-жарқын  дауыстар мен көңілді күлкі  естіліп жатты. 

Өткен  жексенбіде  Шымкенттегі  Абай  атындағы саябақта  жұртшылық көп жиналды: халық әуендері ойналып, ойнақы әуендер жиналғандардың делебесін қоздырғаны сондай, көпшілік қалайша билеп кеткендерін байқамай да қалды. Жан-жақтан жарқын-жарқын  дауыстар мен көңілді күлкі  естіліп жатты. 

 

Сәбидердің көп болғаны соншалық, саябаққа тұтас бір балалар бақшасы көшіп келгендей әсер қалдырды. Орталық аллеяда Оңтүстік Қазақстан облысының татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің қызметі туралы әсем безендірілген ақпараттық құралдар қойылған, ал кулинарлар келушілерге тіл үйірер чак-чактан ауыз тиюді ұсынып жатты.   Татарлар мен башқұрттардың дәстүрлі мерекесі Сабантуйда қонақтарды тап осылай қарсы алады. 

Облыс әкімінің орынбасары Е. Айтаханов пен Оңтүстік Қазақстан облысы ҚХА хатшылығының басшысы мерекенің құрметті қонақтары болды. 

- Бүгінгі мереке Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы жылында өтіп отыр, сондықтан да мұны бейбітшіліктің, келісімнің, дәстүрлер  мен мәдениеттің жылы деп айтуға болады. 

Сабантуй  - татар халқының  дербес мәдениетінің қайнар бұлағы, оның жан дүниесін көрсететін мереке және таланттарды таныту, күш сынасып, ептілік пен тапқырлықты көрсету  үшін жақсы мүмкіндік. 

Татарлар мен башқұрттардың этномәдени бірлестігі біздің көп ұлтты қоғамның дамуына өз үлестерін қосып жатқаны құптарлық жай, - деп атап көрсетті   Е. Айтаханов.

- Осындай халықтық іс-шараларға қатысуға тілек білдіретін жастардың саны жыл сайын өсіп келе жатқаны қуантады, - деп атап көрсетті облыстық славян этномәдени бірлестігінің төрағасы Ю. Кирюхин. – Бұл әрбір этностың дәстүрлері мен салттары сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жететіндігін білдіреді.   

- Бүгін сабантуй мерекесінде адамдардың қарым-қатынастарында мейірімділік пен қуаныш, өзара түсіністік пен бақыт сезілді. Саябақты ең таза, жарқын сезімдер толтырып тұрғандай, - деп өз әсерін білдірді ҚР Қарулы күштері ішкі әскерлер майоры  А. Ахмеджанова.

Сабантуйдің өз бағдарламасы да бар. Ол ешқашан дәстүрлі ұлттық ойындарынсыз өтпейді. Ер жігіттер ауыр заттарды көтеріп, өздерінің ептілігі мен күшін танытса, әйелдер өздерінің әсем дауыстарымен, ас әзірлеу шеберлігімен тәнті етуге тырысады. 

Тағы бір ерекшелік: бұл мерекеде өзіңе өмірлік сыңар іздеу қалыптасқан. Адамдардың көп келгеніне қарап, біреулерді өз бақытын тапты деп болжауға болады.  

 

Кейін қарай