Қазақстан халқы Ассамблеясы

19 Қазан, 2016

951

Көңілді «Oktoberfest» мерекесі

«Октоберфест» — бұл еуропалықтар думандатып тойлайтын ең танымал және ауқымды мерекенің бірі. Жыл сайын Тереза көгалында Баварияның астанасы Мюнхенде өткізілетін«Октоберфест»-ке  екі апта ішінде 6 миллионға жуық адам келеді, бұл қала тұрғындарынан 4 есеге көп.

Барлығы Бавария мұрагері, тақ иесі ханзада І Людвиг пен Тереза Саконская ханшайымының некеге тұру сәтінен басталған екен. 1810 жылдың 12 қазанында олардың тойы болғанда мерекелік думанға бүкіл қала халқы шақырылған. Оларды қала сыртындағы үлкен көгалға жинаған. Енді ханшайымның құрметіне оны Тереза көгалы (Theresienwiese) деп атайды. Мюнхендіктер үшін сол күні тегін сыра және ат жарыстары ұйымдастырылған. Осының барлығы соншалықты әсерлі де шынайы болғандықтан Людвиг «Октоберфест»-ті жыл сайын мерекелеуге жарлық береді. Өткен жылдардың дәстүрі сақтала отырып, оларға жаңалары қосылды.

Сонымен, 1811 жылы ат жарысына фермерлердің  тұлпарлары мен өгіздерін көрсету мерекесі қосылды. 1818 жылы карусельдер мен әткеншектер жасалды. Сол жылдары алғашқы сыра дүкендері қойылды. 1881 жылы тұңғыш және әлемдегі ең ірі балапандарды қуыру орны ашылды.

Петропавл неміс этномәдени орталығы «Видергебурт» өздерінің ұлттық мерекесін текке жібермей өздерінің «Октоберфест»-ін «Мюнхенде», атап айтқанда, «Мюнхен» кафесінде жасады.

Мерекеге біздің қаламыздағы неміс диаспорасының өкілдері келді. Олардың барлығы кезінде Қазақстанға өз отбасыларымен көшіп келген, алайда көпшілігі жас болғандықтан оны естерінде сақтамаған.

Орталық төрайымы Эльвира Ковзель  фест қатысушыларына арнап ойындар мен сайыстар әзірледі. Бірінші тапсырма «Bretzel» - крендель ұлттық тағамын дайындау, мұның да өзіндік тарихы бар. Ескі аңыз бойынша брецельді бір наубайшы ойлап тапқан, оған бавар королі бөлке нан пісіруді және сол нан арқылы күннің көзін үш рет көре алуды бұйырады.

Брецель, XIV ғасырдан бастап бүгінге дейін Германияда наубайшылардың эмблемасы болып келеді және нан сататын орындардың, наубайханалар мен нан дайындайтын және түрлі нан өнімдерін әзірлейтін фирмалардың маңдайшаларында жиі бейнеленеді.

Жасалған кренделдер пешке жөнелтіледі, ал қонақтар келесі сайысқа әзірленеді. Неміс тілінде сөйлем құрау, ұлттық тағамдарды санамалау, неміс полькасын билеу мүлдем оңай емес екен, алайда қатысушылар әр тапсырманы шеберлікпен орындады.

Көңілді жарыстардан соң қатысушылар үстел басына жайғасты. «Beer» неміс ұлттық сусынына әдетте шұжық түрлері, клярдағы кальмарлар, кепкен нандар және пісірілген дәмді нандар қойылды. Тәбет ашатын тағамдар қонақтарға алыстап кеткен 19-ғасырды еске салды. Көңілді отырыс ән айтумен жалғасты. Көне неміс әндерін жастар да қарттар да білетін болып шықты. «Мюнхенде» сол кеште ұмытылмас мерекелік ахуал орнады.

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ

 «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай