Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Қыркүйек, 2021

1098

Көкшетау қаласының Достық үйіне 7 жыл толды

Бүгін Ақмола облыстық «Қоғамдық келісім» КММ құрылғанына 7 жыл толады. 2014 жылдың 3 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев облыстық Достық үйін салтанатты түрде ашқан болатын.


Достық үйі Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеттерін іске асыруда этномәдени бірлестіктерге, ҚХАА қоғамдық құрылымдарына әдістемелік, ұйымдастырушылық көмек көрсету мақсатында құрылды.

Бүгінде «Қоғамдық келісім» КММ-де этномәдени бірлестіктердің 16 кабинеті орналастырылған. Облыстағы этнос өкілдері өңірдің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму процесіне тиімді тартылған. Олардың қызметін жүзеге асыру үшін конференц-зал, көрермен залы, хореографиялық залдар, ана тілдерін үйрену сыныптары қарастырылған.

Конференц-залда «Қоғамдық келісім» және ҚХАА қоғамдық құрылымдары ұйымдастыратын Ақмола Ассамблеясы Кеңесінің отырыстары, дөңгелек үстелдер, диалог алаңдары, ресми кездесулер өтеді. 120 орындық акт залында этномәдени бірлестіктердің қатысуымен форумдар, концерттер, жиналыстар, фестивальдер өткізіледі. Хорегафиялық залдарында «Мөлдір» және «Этно» балалар колективтері айналысады.

Жыл бойы Достық үйінде қазақстандық бірегейлікті қалыптастыруға, этностардың мәдениеті мен дәстүрлерін сақтауға бағытталған түрлі іс-шаралар - этнофестивальдар, этномәдениет күндері, тілдер онкүндігі, сәндік-қолданбалы өнер көрмелері, кездесулер, конференциялар өткізіледі.

Кейін қарай