Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Шілде, 2021

383

Көкшетауда елорда күні қарсаңында дөңгелек үстел өтті

Астана күні қарсаңында «Қоғамдық келісім» КММ-де Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы мүшелерінің этномәдени бірлестіктердің жастар ұйымдарының өкілдерімен, ҚР ТЖМ КТИ курсанттарымен және Көкшетау қаласы полиция басқармасының жас қызметкерлерімен кездесуі өтті.


Дөңгелек үстелде тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу тарихы, Елбасының қазақ мемлекеттілігін құрудағы, жаңа астананы салудағы рөлі туралы еркін әңгіме болды.

Кездесуді ашқан «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары А. М. Раисов Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі тағдыры Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көрнекті тұлғасымен тығыз байланысты екенін атап өтті.

ҚХАА мүшелері М.Қиықов, Ғ.Төлеғұл, Г.Яндиев және Е.Мащинская өздерінің Елбасымен болған кездесулерден алған әсерлерімен бөлісті.

- Біздер Қазақстан этностарының өкілдері Елбасына Ассамблея сияқты қоғамдық келісім институтын құрғаны үшін ерекше ризамыз. Институттың арқасында елде бейбітшілік пен тыныштық сақталып келеді, - деп атап өтті Вайнах» шешен-ингуш қоғамының төрағасы Яндиев Герихан.

Мереке қарсаңында аға буын өкілдері жастарға ел дамуы мен Қазақстан тәуелсіздігін нығайтуға белсенді қатысуларын сұрады.

Кейін қарай