16 Қазан, 2023
513
Көкшетауда республикалық лекторий өтті
Аталған шараға Ақмола облысының этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері мен өкілдері, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қоғамдық құрылымдарының өкілдері қатысты.Біздің елімізде ұлтаралық келісім мен жалпыұлттық бірлік Қазақстан дамуының басты басымдықтары болып табылады. Аталған құндылықтарды дәріптеп, одан әрі дамыту жолдарын іздеу мақсатында 13 қазан күні Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің Қазақстандық үлгісін насихаттау» тақырыбында республикалық лекторийі өтті.
«Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Ермек Нұғыманов жүргізген отырыста республикалық лекторий, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Ибрагимов Жамаладен Ибрагимұлы – Л.Н. Гумилёв атындағы, Еуразия ұлттық университетінің Заң ғылымдарының докторы, Табулдин Ғизат Жолданғарұлы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өлкетанушы, «Халық үміті» республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекші ғылыми қызметкері және Пулатов Шерзод Аббозұлы – Астана қаласындағы «Өзбек этномәдени орталығы» бірлестігінің төрағасы сөз сөйледі.
Сондай – ақ, шара қатысушылары алдында ҚХАА Медиация кеңесінің төрайымы Маржан Нұркенқызы Мырзаханова – «Этносаралық қатынастардағы медиация» тақырыбында және ҚХАА жанындағы ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы Марат Зеннатұлы Өтегенов «Толеранттылықты күшейту және дамыту, келісім мен бірлікті арттыру» туралы өз ойларын ортаға салды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді