Қазақстан халқы Ассамблеясы

16 Қазан, 2023

230

Көкшетауда республикалық лекторий өтті

Біздің елімізде ұлтаралық келісім мен жалпыұлттық бірлік Қазақстан дамуының басты басымдықтары болып табылады. Аталған құндылықтарды дәріптеп, одан әрі дамыту жолдарын іздеу мақсатында 13 қазан күні Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің Қазақстандық үлгісін насихаттау» тақырыбында республикалық лекторийі өтті.

Аталған шараға Ақмола облысының этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері мен өкілдері, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қоғамдық құрылымдарының өкілдері қатысты.

«Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Ермек Нұғыманов жүргізген отырыста республикалық лекторий, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Ибрагимов Жамаладен Ибрагимұлы – Л.Н. Гумилёв атындағы, Еуразия ұлттық университетінің Заң ғылымдарының докторы, Табулдин Ғизат Жолданғарұлы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өлкетанушы, «Халық үміті» республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекші ғылыми қызметкері және Пулатов Шерзод Аббозұлы – Астана қаласындағы «Өзбек этномәдени орталығы» бірлестігінің төрағасы сөз сөйледі.


Сондай – ақ, шара қатысушылары алдында ҚХАА Медиация кеңесінің төрайымы Маржан Нұркенқызы Мырзаханова – «Этносаралық қатынастардағы медиация» тақырыбында және ҚХАА жанындағы ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы Марат Зеннатұлы Өтегенов «Толеранттылықты күшейту және дамыту, келісім мен бірлікті арттыру» туралы өз ойларын ортаға салды.


Кейін қарай