Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Қараша, 2020

609

Көкшетауда «Тәуелсіздік – халықтың басты байлығы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Көкшетауда Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – халықтың басты байлығы» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге «Намыс» саяси клубының мүшелері, тарихшы ғалымдар, Ақмола облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ҚР Тәуелсіздігінің құрдастары, студент және оқушы жастар қатысты.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты М.З. Өтегенов, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшесі, Көкшетау гуманитарлық–техникалық лицейінің директоры Н.Г. Дементьева, М.Жұмабаев атындағы облыстық кітапхана қызметкері Н.А. Ташкенова, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының негізгі кезеңдері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттік жандандырудағы, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізудегі, елдегі тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтаудағы рөлін туралы әңгімелеп берді.

Сонымен қатар, тәуелсіздіктің құрдастары бағдарламашы Бекбаев Абылай Ш. Уәлиханов атындағы КМУ студенті Вебер Владислав, гуманитарлық-техникалық лицейдің оқушылары - Орлова Ольга, Боровская Анастасия, Цихоцкая Евгения және Усманов Руслан жастардың жас мемлекеттің болашағы үшін жауапкершіліктері турасында сөз қозғады.

Кейін қарай