17 Қыркүйек, 2021
654
Көкшетауда тілдер онкүндігінің жабылуы өтті
Көкшетауда «Қоғамдық келісім» КММ тілдер онкүндігінің салтанатты жабылуы өтті. Онкүндік аясында Достық үйі, Ақмола облыстық ҚХА қоғамдық құрылымдары, этномәдени бірлестіктері оннан астам іс-шара өткізді. Олардың қатарында оқушы және студент жастар арасындағы қазақ тілінен ашық диктант және домбырашы-вокалистер байқауы, «Өзім туралы» интернет акциясы, мемлекеттік тілді еркін меңгерген түрлі этностардың жастарымен дөңгелек үстел, мемлекеттік тіл саясатының өзекті мәселелерін талқылауға арналған диалог алаңдары, концерттер бар.
Аталмыш шараларға жалпы саны 400-ден астам адам қатысты. Тілдер онкүндігінің белсенді қатысушыларын Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының алғыс хаттарымен және «Қоғамдық келісім» КММ атынан естелік сыйлықтармен марапаттау осы іс-шаралар легінің қорытындысы болды. Марапатталғандардың арасында Ақмола облыстық ҚХА этномәдени бірлестіктерінің, қоғамдық құрылымдарының басшылары, «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту орталығының өкілдері, ҚХА «Мың бала» жобасы аясындағы жалпықазақстандық диктанаттың жеңімпаздары бар.
Шара барысында сөз алған облыстық оқыту-әдістемелік орталығының директоры Қ. Б. Төлекеев, «Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ төрағасы М. М. Қойшин, «Вайнах» шешен-ингуш қоғамының төрағасы Г. И. Яндиев, ҚХАА Аналар кеңесінің төрайымы К. С. Рақымжановалар қатысушыларды мерекемен құттықтап, облыстық ассамблея мүшелерінің, ҚХА жастарының тілдер онкүндігін өткізудегі, мемлекеттік тілді насихаттаудағы, этнос өкілдерінің тіл, мәдениет және Қазақстан халқының салт-дәстүрлері көрсетіліміндегі жоғары белсенділігін атап өтті.
Іс-шара этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары мен қалалық мәдениет бөлімі өкілдерінің орындауындағы мерекелік концертпен аяқталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:52
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
27 Маусым, 14:47
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
2 Шілде, 15:38