Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Қыркүйек, 2015

1060

Көп тіл білгеннің-көкжиегі кең!

Еліміз егемендік алғалы мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған ана тіліміз қанатын кеңге жайып келеді. 22 қыркүйек Қазақстан Республикасы халқының тілдері мерекесі болып жарияланған. Көп ұлтты мемлекетімізде бұл мерекенің алар орны ерекше. Ақмола облысы тілдерді дамыту басқармасы бүгін Достар мәдениет үйінде аталмыш мейрамға орай облыс бойынша атқарылған іс-шараны қорытындылап, салтанатты жиналыс өткізді.

Алғашқы құттықтау сөзін алған облысымызға танымал азамат, тіл жанашыры, ақын, Ақмола облысы тілдерді дамыту басқармасының басшысы Арман Бердалин облыс көлемінде мемлекеттік тілді дамыту бойынша атқарылып келе жатқан істерге тоқтала отыра: «Бірнеше ұлт пен ұлыс мекендеген байтақ даламызда бүгінде өз тілдері мен салт-дәстүрін насихаттап, үйрену үшін барлық жағдай жасалған. Былтыр ғана Көкшетау қаласында бой көтерген Достық үйінде  тілдерді оқытуға арналған 8 сынып пен 26 этномәдени бірлестік жемісті еңбек етіп келе жатыр»,- дей келе, бірнеше адамға басқарманың Алғыс хатын  және бағалы сыйлықтар тапсырды. Олар: филология ғылымдарының докторы, профессор Қасиет Молғаждаров, «Шаңырақ» тілдерді оқыту орталығының жетекшісі Күлтай Кәрімжанова, тарих ғылымдарының кандидаты, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Аманай Сейтқасымов, Ақкөл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Әйкерім Түменбаева және Есіл ауданы тілдерді оқыту орталығының директоры Ақтоты Әбдіғаппарова.

Сонымен қатар Қазақстан халқы Ақмола облыстық ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылықтың жетекшісі Айна Мысыралимова  Ассамблеясының Алғыс хаттарымен Достық үйінде орналасқан «Шаңырақ» тілдерді оқыту орталығындағы кәріс тілі пәнінің мұғалімі Людмила Лим және Ж.Мусин атындағы Қазақ педогогикалық колледжінің студенті Евгения Рябикованы марапаттап, бағалы сыйлықтар табыс етті. Сонымен қатар облыстың басқарма басшылары, тіл жанашырлары өз тараптарынан тілді үйреніп, қолдану аясын кеңейтуге өз үлестерін қосып жүрген бірқатар азаматтарды Қазақстан Республикасы халқының тілдер мерекесімен құттықтап, Алғыс хаттар табыс етті.

Мерекелік іс-шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты. 

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі

Кейін қарай