16 Қыркүйек, 2015
742
«Көп тілді білім – заман талабы» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел отырысы өтті
2015 жылдың 16 қыркүйегінде Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ мәжіліс залында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел отырысы өтті.

Дөңгелек үстелге облыстық білім беру ұйымдарының педагогтері, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен мектеп мұғалімдері қатысты.
Іс-шараның мақсаты жаңа білім беру парадигмасы жағдайында көп тілді білім беру мәселесін өзектілендіру, әлемдік қауымдастықты нығайту бойынша тілдер саласында тиімді және өмірге бейімді бағдарлама іздеу, тілдерді тоқайластыру мәселелерін қарастыру, көп тілді қоғам идесын тарату, Қазақстанда және шет елде тұратын этностардың ерекшеліктерін сақтау жолдарын табу, өскелең ұрпақтың рухани-білімділік және интеллектуалды-мәдени әлеуетін көтеру, көп тілді білім беруді ендіру бойынша шетелдік тәжірибені зерделеу болып табылады.
Дөңгелек үстел отырысында елімізде тұратын өзге этнос өкілдеріне көп тілді білім берудің өзекті мәселелері талқыланды. Қазақстанның заманауи білім беру кеңістігінде көп тілді білім беруде оқушыларға өзбек және ұйғыр тілдерін біріктіріп оқыту бойынша жобаны жүзеге асыруда Жамбыл, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жетістіктері туралы айтылды.
Сонымен қатар бүгінде Қазақстанда көп тілді қоғам құру, оқу орындарында көп тілді білім беруді дамытудың өзекті мәселелері, сондай-ақ екі тілді және көп тілді оқытудың моделі, әдістері және формалары, практикадағы инновациялық технологиялар мәселесі де талқыланды.
«ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен біздің еліміз білім беруде көп тілді тұжырымдаманы жүзеге асыруға кірісті. Себебі, көптілділік Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін бекіте түседі және көп тілді оқытудың негізінде жас ұрпақты қазақстандық патриотизмге тәрбиелеп, азаматтық белсенділігі арттырылады, - деді профессор Ғ.Ұ.Сыздықбаева іс-шараның ашылуында сөйлеген сөзінде.
Дөңгелек үстел отырысында барлық сөз сөйлеушілер көп тілді білім берудің жетістігі бойынша өздерінің жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Қызылорда облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Павлодар облысы
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
вчера, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
18 Маусым, 09:23