23 Қыркүйек, 2021
505
Кәріс этномәдени бірлестігі «Чусок» мейрамын атап өтті
Маңғыстау облысының «Чосон» кәріс этномәдени бірлестігі қос мерекені атап өтті. Оның бірі «Чусок» мейрамы болса, екіншісі 8-мамырда тойланған «Ата-аналарға құрмет көрсетіп, алғыс айту» күні. Бұл айтылу күн елдегі пандемияға байланысты атап өтілмеген болатын.
Әртүрлі ұлт өкілдерінің басын қосқан мерекеде танымдық әңгімелер, «Чусок» мейрамының тарихы айтылып, кәріс халқының ұлттық тағамдары мен қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. Салт пен дәстүр сабақтасқан «Чусок» мерекесі ол - ризашылық күні болып табылады. Күзгі астық өнімін жинау - береке мен молшылық кезеңімен тұспа-тұс келетін, кәріс халқының мейрамдарының бірі. Аталмыш мереке кәріс мәдениетінің көп қырлы шығармашылығын тануға мүмкіндік береді.
Дәстүрлі шараға МО ІСБ «Қоғамдық келісімі» КММ басшысы – Аманкүл Джйылханова, облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі – Қуанышбеков Батырхан, этномәдени бірлестік өкілдері, энергетика коллджінің студенттері қатысты.
Салтанатты іс-шарада бірлестігімен бірлесіп қызмет атқарған «Нейрон» медициналық орталығының басшысы Чагай Кульшараға мен «Сая» демалыс орталығының басшысы Ұлболсын Ахметова, энергетикалық колледжнің ұжымы мен Қазбек Құрбанәлиев марапатталды.
– Бүгінгі күн кәріс халқы үшін өте маңызды күндердің бірі. Бұл күні біз-бірімізге ризашылығымызды білдіріп, алғыс айтамыз. Жалпы, мен қазақ халқына өз алғысымды білдіргім келеді. Бүгінде бір шаңырақ астында түрлі ұлт пен ұлыстың басын қосқан Қазақстан елінде достық, ауызбіршілік бар. Ол әрине Елдік саясатымыздың көрінісі деп айтуға болады. Екіншіден мен бүгін 8-мамырда ата-аналарға алғыс айту күніне орай өзімінің алғысымыды жер бетіндегі барлық үлкен кісілерге жеткізгім келеді. Шарада жеміс-жидектерден көрме ұйымдастыруға көмек қолын созған Қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Қазбек Құрбанәлиевке алғысымды білдіремін. Сондай-ақ осы шараның өтуіне көмекке келген Тэн Андрей, Айтпаева Юлия, Ли Олег, Ким Ирина, Эм Александр, сынды жастарға өз атымнан рахметімді жеткізгім келеді, – деді Раиса Маденова.
Салтанатты шарада күмбірлеген күйде, әуезді ән де шырқалып, түрлі ойын-сауықтық бағдарламалар ұйымдастырылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:52
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
27 Маусым, 14:47
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
вчера, 15:38