
17 Қазан, 2017
896
Кәріс халқының Қазақстанда тұруының 80 жылдығына орай....
1937 жылғы 21 тамызда «Кәріс халқын Қиыр шығыс өлкесінен көшіріп жіберу туралы» № 1428-326 өқ («өте құпиялы») қаулысы қабылданып, олар Қазақ және Өзбек ССР-не көшірілді.
Осы жылы кәріс халқының Қазақстанда өмір сүруіне 80 жыл толды. Бұл күні Ақмола облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ және Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қолдауымен Ақмола облысының «Чинсон» кәріс мәдени орталығы арнайы іс-шара ұйымдастырды.
«Кәріс халқы 80 жыл бойы осынау қазақ өлкесінде өмір сүріп келеді, бұл жай ғана оқиғалардың, күндердің тізбегі емес, ол - өзара бірлесіп өткізілген өмір, ортақ тарих, халықтарымыздың рухани, мәдени бірігуі» деп айтып өтті өз сөзінде орталықтың төрайымы Людмила Лим.
«Ариран» — кәріс ұлтының ең танымал әндерінің бірі. Кәріс түбегінде ғана емес, кәрістер өмір сүретін әлемнің әрбір бұрышында осы әнді естуге болады. Сондықтан осы іс-шараның барысында «Қоғамдық келісім» сарайы да шетте қалған жоқ.
Сонау қасіретті оқиғаларды өз көзімен көрген кәріс орталығының ақсақалы Жанара Цойды көрермендер ұйып тыңдады. Жас ұрпақ - «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебінің кәріс сыныбы оқушылары өз кезегінде әдеби монтаж ұсынып, онда қазақ, кәріс және орыс тілдерінде өлеңдер оқылды. Кәріс тілі сыныбына басқа сыныптарға қарағанда көп оқушы – түрлі ұлт өкілдерінен құралған 78 оқушы келетінін ескертіп өткен жөн!
Ән мен би өнерпаздары марапаттау салтанатымен кезектесті: осылайша, Қазақстан Республикасы гуманитарлық-техникалық колледждің президенті Владимир Пак, «Чинсон» кәріс мәдени орталығының төрайымы Людмила Лим, орталық төрағасының орынбасары Искра Мун Кәрістер қауымдастығының алтын медалімен марапатталды. Көптеген жылы сөздер айтылды, «Чинсон» кәріс мәдени орталығының әншілері концерттік бағдарлама ұсынды.
Туған жерлерінен еріксіз қуылғандардың үйреншікті өмір салты, этникалық және мәдени құндылықтары бұзылып, туған-туыстарымен байланыстары үзіліп, өмір бойы маңдай терімен жиған-тергені бір мезетте жойылды. Бірақ олардың өмірге деген зор құштарлығы, тағдыр соққысына төтеп беру қабілеті болды, оған қоса қазақ халқының қонақжайлылығы мен мейірімділігі оларды әрі қарай өмір сүруге ынталандырды. Бүгінгі таңда көп ұлтты Қазақстанның азаматтары бейбітшілік пен келісімде өмір сүре отыра, этностар өздерінің Отанына айналған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосуда.
Дата события ассамблеи: 17.10.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінде Өзбек ұлттық киімі күніне орайластырылған салтанатты іс-шара өтті
-
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ДҮБІРЛІ КӨКПАР ОЙЫНЫ ӨТТІ
-
Алматы қаласында республикалық Достық үйі ҚХА 30 жылдығына орай дөңгелек үстел өткізді
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
сегодня, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінде Өзбек ұлттық киімі күніне орайластырылған салтанатты іс-шара өтті
-
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ДҮБІРЛІ КӨКПАР ОЙЫНЫ ӨТТІ
-
Алматы қаласында республикалық Достық үйі ҚХА 30 жылдығына орай дөңгелек үстел өткізді