09 Ақпан, 2016
966
Кәріс халқының Жаңа жылы
7-ші ақпан күні Достық үйінің акт залында «Қазақстан кәрістері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының ұйымдастыруымен кәріс халқының Жаңа жыл мерекесі - Сольналь тойланды.
Кәрістер мерекені табиғаттың жаңаруымен, көктемнің келуімен байланыстырады. Оның көне заманнан қалыптасқан көптеген салт-дәстүрлері де бар. Мәселен, балалардың ата-аналарын мерекемен құттықтау салты «себэ» деп аталады. Кәріс халқының дәстүрі бойынша, жастар әке-шешелеріне үш рет тағзым етіп, тілектерін айтады. Үлкендер оларға сый ретінде бата береді. Ал үлкендер оларға сый ретінде «токтам» деп аталатын баталарын береді. Осы ғұрыпты жасайтындар, әдетте, ұлттық киім – ханбокты киеді.
Бұл күні орындалатын тағы бір маңызды дәстүр қайтыс болған отбасы мүшелеріне қатысты. Мерекелік дастархан басында кәрістер бабалар рухынан көмек, қорғауды сұрайды. Бұл салттың аты – «чхаре». Концерт жүргізушілері осы және тағы басқа әдет-ғұрыптар жөнінде баяндап, кейбіреулерін сахнада көрсетті.
Концерттік бағдарламаға этномәдени бірлестік құрамындағы «Кымпитсори» вокалдық тобы, «Анён» хореографиялық ұжымы, «Би юникс» би ансамблі қатысты. Павлодар ауданының Ефремовка ауылындағы жуырда ашылған кәріс орталығының жанындағы «Star you» ұжымы кеш жұлдыздары атанды. Олар әлемдегі миллиондаған жастар арасында кең тараған K-pop жанрында өнер көрсетіп көрермендердің көзайымына айналды.
Мерекелік іс-шара жастарға арналған дискотекамен аяқталды.
Айтпаев Масқат
Ұқсас жаңалықтар
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық жылының ашылуы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: татулық пен келісімнің 30 жылы» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
6 Шілде, 09:06
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады