Қазақстан халқы Ассамблеясы

23 Желтоқсан, 2015

1376

«Көшбасшы.KZ» сайысы

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай 2015 жылдың 23 желтоқсанында «Достық үйінің» концерт залында «Көшбасшы.KZ» зияткерлік сайысының жабылу салтанаты өткізілді. Салтанатты іс-шараны «Dream club» жастар ұйымы «Қоғамдық келісім» мекемесі, Қызылорда облысы бойынша саясаткер-әйелдер клубы және қалалық білім беру бөлімінің қолдауымен ұйымдастырды.

Іс-шараға облысымыздың зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, қалалық орта мектеп оқушылары мен ұстаздары, студенттер, белсенді жастар қатысты.

«Көшбасшы.KZ» зияткерлік сайысына қаланың 50 мектебінен барлығы 220 оқушы қатысып, 54 оқушы озып шықты. Апта сайын өткізіліп отырған сайыс нәтижесінде 9 оқушы іріктеліп шықса, 3 ай ішінде олардың арасынан 3 оқушы жеңімпаз атанды. №5 мектеп-лицейінің оқушысы Р.Сейілхан, №15 мектеп-лицейінің оқушысы Р.Ержан, №4 орта мектебінің оқушысы Д.Сұлтан ақтық мәреде сынға түсіп, Д.Сұлтан сайыстың шешуші кезеңінің жеңімпазы атанды.

Мерекелік іс-шара барысында «Қоғамдық келісім» мекемесінің директоры У.Ибраев және «Dream club» жастар ұйымының төрағасы Ә.Әлібек ой өткірлігімен көзге түсіп, алғырлығымен алға шыққан оқушыларды дипломдармен марапаттап, сайыстың өткізілуіне үлес қосқан азаматтарға алғыс хат табыстады. Барлық қатысушыларға сертификаттар мен бағалы сыйлықтар берілді. Сонымен қатар Қызылорда облысы бойынша саясаткер-әйелдер клубы тарапынан естелік сыйлықтар табыс етілді. Белсенді жастардың ұйымдастыруымен қойылған концерттік бағдарлама көпшіліктің көңілінен шықты.

Кейін қарай