01 Наурыз, 2021
906
Қ.Көшербаев: «Еліміздің өркендеуі жолында атқарған еңбектері үшін әрбір қазақстандыққа алғыс білдіремін»
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Алғыс айту күнінің белгіленгеніне 5 жыл толуына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының дөңгелек үстелі өтті.
Іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Балаева, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары М.Бекбаева мен З.Кузиев, Қазақстан халқы Ассамблеясының ҚР Парламенті Мәжілісіндегі депутаттары, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент ққ. мен облыстар әкімдерінің орынбасарлары, ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктері мен жастар қанатының өкілдері және т.б. қатысты.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы белгілеген Алғыс айту күнінің 5 жылдығының біріктіруші маңызын, қазақстандық құндылықтар - ұлттық бірлік пен келісімді, қоғамдық ынтымақтастық пен достық дәстүрлерін жаңа ұрпаққа жеткізу мәселелерін талқылады.
Қ.Көшербаев заманауи сын-қатерлерге бейімделген жаңа ұлттық бірегейлікті қалыптастырудың қазіргі заманғы жағдайында Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаевтың саяси және экономикалық реформалармен қатар қоғамдық сананы жаңғыртуға үлкен көңіл бөліп отырғанын атап өтті.
- Біздің қоғамды рухани жаңғыртудың маңызды бағыты саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі ауқымды жұмыстарды аяқтау болуы керек. Тоталитаризмнен зардап шеккен көптеген халық үшін қазақ жері екінші отанына айналды. Тарихи әділеттілікті қалпына келтіру, әділетсіз сотталғандардың адал есімін қайтаруды көздейміз, - деді Қырымбек Көшербаев.
Сөз соңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев еліміздің өркендеуі жолында атқарған күнделікті еңбектері үшін әрбір қазақстандыққа алғыс білдірді.
Сондай-ақ «Тұңғыш Президент жолымен – бейбітшілік пен келісімге 30 жыл» халық экспедициясы» ҚХА жобасының және «Қайырымдылық керуені: 30 игі іс» қайырымдылық марафонының тұсаукесері өтті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
24 Маусым, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
21 Маусым, 14:48
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
вчера, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті