Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Наурыз, 2016

910

«Күшіміз жеткенше жасаймыз»

Адамның атын алтын мен күмісі емес.

Тума таланты мен хас шеберлігі шығарады».
Ә. Жами

Әр адамның жан-дүниесі шығармашылыққа толы болады. Ол адамнан бөлінбейтін, біртұтас қасиет. Оны біздің өмір сүруіміз үшін қажетті, жеке дамуымызға себептесетін түйсік деуге де болады.

Ромен Роллан былай деген: «Шығармашылық – бұл адамға мәңгі өмір сыйлайтын бастау». Бұл сөздермен келіспеу қиын. Бұған дәлел «Дуслык» татар-башқұрт орталығындағы театр-сахна өнерінің жарқын өнерпазы, шығармашылық кештің иесі - Даутова Гүлжиган Нигматуллақызы. Ол татар-башқұрт орталығындағы басты ұйымдастырушылардың бірі, татар мәдениетінің пайда болуын насихаттаушы және бастаушы болып табылады.

«Дуслык» татар-башқұрт орталығы ардагерлері шығармашылығының 60 жылдығына арналған кеш Солтүстік Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен өтті.  

Кешті Солтүстік Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов ашты. Ол Гүлжиган Нигматуллақызы Даутоваға шексіз құрметін білдіріп, алғыс сөзін арнады.   

Кеште татар билері мен әндері көпшілік назарына ұсынылды. Малик Шигабутдинов орындаған «Энием» әнінде жиналған қауым көзіне жас алса,   Ильдар Сисанбаев жайдарлы да әсерлі «Рузалинасымен» көрермендерді биге тартты.

Жалпы айтқанда іс-шара жаймашуақ жағдайда өтті. Оған көрермендердің қуанышқа, бақытқа, махаббатқа толы көздері, көңілді отырыстары  және ду қол шапалақтаулары дәлел.

Жақсы өткізілген уақытқа не жетсін? Осындай кездесуден кейін бойыңда өзгеріс пайда болса, онда бұл жаңа ойлар мен іс-әрекеттерге жаңа түрткі болды деген сөз. Біз өз тарихи отанымыздан алыс болғанымызға қарамастан, халқымыздың мәдениетін қолдау және сақтау мүмкіндігіне ие болғанымыз қуаныш сыйлайды. Қазақстан – біздің ортақ үйіміз. Біз Елбасы қамтамасыз еткен бірлікті сақтауымыз керек. Және заманауи қоғам мен отанымыздың одан әрі дамуына көмектесетін жолмен жүргеніміз жөн.     

   

   

 

«Солтүстік Қазақстан облысы  әкімінің аппараты» ММ

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

 

Кейін қарай