
05 Наурыз, 2016
819
Кеңес жұмысының негізгі бағыттары
Шымкент қаласындағы облыстық опера және балет театрында Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің мәжілісі өтті.
Облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібековтың қатысуымен өткен кездесуді облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, белгілі қоғам қайраткері Орынбай Рахманбердиев жүргізіп отырды.
Оңтүстік өңірінде облыстық, 15 қала, аудандық және 181 ауылдық округтерде барлығы 197 кеңес құрылған. Олардың негізгі міндеті азаматтық принцип негізінде қазақстандық бірегейлікті нығайту және дамыту, қоғамда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мақсатында азаматтық қоғам институттарын, саяси және үкіметтік емес ұйымдарды, басқа бірлестіктерді ұйыстыру, Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізудің, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын жүзеге асырудың және жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудің біртұтас тәсілдерін әзірлеу болып табылады.
Жиынның басты мақсаты – құрамы жаңартылып, бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің жұмыстарын облыс деңгейінде тиісті дәрежеде ұйымдастырып, жалпы қоғамдық келісім, этносаралық татулық мәселелеріне байланысты жұмыстарды үйлестіру.
Мәжілісте сөз алған облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ассамблея хатшылығының меңгерушісі М.Қалмұратов: «Оңтүстік – ұлтымыздың, ұлысымыздың ұйытқысы» деп бұрыннан айтылады. Ауызбірлікті, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтау үшін бізге үнемі сергек болу қажет. «Татулық қайда болса – тұрақтылық сонда» демекші, алдағы уақытта Кеңес мүшелерімен бірлесе отырып, үш миллионға жуық тұрғыны бар іргелі облысымыздағы этносаралық саясатты нәтижелі іске асырып, егемен еліміздің өркендеп-өсуіне бір кісідей атсалысамыз», - дегенді айта келе, кеңестер қызметін жүзеге асыруда ұйымдастыру қажет бірқатар жұмыстарды атап өтті.
Сонымен қатар, жиын барысында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Б.Жанәбіл, облыстық шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ медиаторы Х.Бациев хабарлама жасады.
ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы,
облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің
баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі тұстары Атырау жастарына ортағасырлық Сарайшық қалашығы негізінде түсіндірілді
-
Қостанай облыстық Аналар кеңесі Отбасылық мерекелік дастарқан ұйымдастырды
-
Оралда ҚР Президенті Жолдауының негізгі бағыттары талқыланды
-
«Әлеуметтік тәрбие – өмір сапасының негізгі мәнді факторы ретінде»
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
вчера, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
вчера, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
Ұқсас жаңалықтар
-
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі тұстары Атырау жастарына ортағасырлық Сарайшық қалашығы негізінде түсіндірілді
-
Қостанай облыстық Аналар кеңесі Отбасылық мерекелік дастарқан ұйымдастырды
-
Оралда ҚР Президенті Жолдауының негізгі бағыттары талқыланды
-
«Әлеуметтік тәрбие – өмір сапасының негізгі мәнді факторы ретінде»