12 Тамыз, 2019
2909
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі тұстары Атырау жастарына ортағасырлық Сарайшық қалашығы негізінде түсіндірілді
«Этномәдени бірлестіктердің белсенді қатысуымен жастар арасында әлеуметтік бірлік мәдениетін дамыту» әлеуметтік жобасы аясында Атырауға ақпараттық керуен келіп жетті.
Жастар жылына орай әлеуметтік бірлікті, мәдениетті дамытуды мақсат тұтқан игі шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі ережелерін түсіндіріп, жастардың бойында жалпыұлттық бірлік мәдениетін қалыптастыру, мәдениет бағыттары бойынша білім беру алаңдарын ашуды мақсат тұтқан.
Осы мақсатта Достық үйінде Атырау облысы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының, «Үміт» еріктілер тобының, этномәдени бірлестік мүшелерінің қатысуымен семинар өтті.
Спикерлер «Рухани жаңғыру» бағдарламасының Қазақстан тарихы, мәдениеті, экология, білім беру әдістемесі, бизнес, полиэтника, әлеуметтік жобалар зертханасы бойынша ақпараттармен бөлісті.
Нұр-сұлтан қаласының «Жаңғыру жолы» РЖҚ төрағасы Наталья Карагеур жастарға психологиялық тренинг ұйымдастырып, қарым-қатынас қабілеттерін байқауға бағытталған сауалнама жүргізді.
Сондай-ақ, шара соңында Қазақстан xалқы Ассамблеясы жанындағы «Жарасым» республикалық жастар ұйымының төрағасы, «Жаңғыру жолы» РЖҚ төрағасының орынбасары Тимур Жумурбаев корей, украин, грузин этномәдени бірлестіктерінің белсенді мүшелерін Алғыс хаттармен марапаттады.
Атырау облыстық «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының ұйымдастыруымен ақпараттық керуен Махамбет ауданына қарасты Сарайшық елді мекеніне экскурсияға жол тартты. Оның барысында ескі Саайшық қалашығында жүргізіліп жатқан қазба жұмыстарымен танысты. Сарайшық отандық мәдениет үшін тарихи құндылығы ерекше ескерткіш болып саналады.
Ғасырлар бойы қала үстінен Ұлы Жібек Жолының керуендері өтіп келгені тарихтан мәлім. Қалашықтың тарихы сонау XIII ғасырға бойлап, Алтын Орда, Ноғай ордасы мен Қазақ хандығының тарихын ортақтастырады. Тарихи деректерге сәйкес, Сарайшық қалашығында 7 хан жерленген, олардың арасында Қазақтың ұлы ханы Қасым хан да бар.
Ұқсас жаңалықтар
-
АСТАНАДАН ТӘЖІКТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМӘДЕНИ БИЗНЕСМЕНДЕРІ 25 МЛН.ТЕҢГЕГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ
-
Маңғыстауда «Бірлік түбі береке» атты мерекелік шара өтті
-
«Ассамблея жастары» белсенділері «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлеріне ұлттық ойындарды үйретті
-
Ассамблея жастары ұлттық ойындардан сайысқа түсті
-
Атырауда «Сәлем, Көктем» атты қайырымдылық концерті өтті
-
Көкшетау: Жастар чуваш халқының халық дәстүрлерімен танысып, әндерін орындап, түрлі ойындар ойнады