
17 Ақпан, 2016
898
Кең пейілді жан
Павлодар Достық үйінде татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрағасы, Павлодардың құрметті азаматы Минир Галеевтің 75 жасқа толу мерейтойы аталып өтілді.
Осы күні мерейтой иесін құттықтауға облыстың басқарма басшылары, ірі кәсіпорындар мен этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, жастар бірлестіктерінің өкілдері келді. Салтанат иесіне қонақтар көптеген жылы лебіздер мен тілектер айтты, оған гүлдер мен сыйлықтар сыйлады.
Облыс әкімінің орынбасары Ғани Сәдібековтың айтуынша Минир Галеев еңбек еткен жылдары өзін сауатты басшы, шебер ұйымдастырушы, беделді тәлімгер ретінде көрсете білді. Сонымен қатар ол қазір де белсенді өмірлік ұстанымымен, қоршаған адамдарға ізетті қарым-қатынасымен белгілі әрі сыйлы жан.
Минир Хамитович өз қызметін қарапайым жұмысшы болып бастап, кейін біздің облысымыздың маңызды кәсіпорындарын басқарды. Тәуелсіздіктің жаңа құрылған қиын кезеңінде ол өз кәсіпорнын және жұмыс орнын тек сақтап қана қоймай, оны әрі қарай дамыта бастады, алға қарай ұмтылды. Мен одан – «Олай жасау сіздің қолыңыздан қалай келді?» - деп сұрағанымда, бұл ақсақал: «Ауыр кезеңдер болмайды, тек қана кішкентай проблемалар балады. Ең бастысы солардан қорықпау керек», - деген еді, деп атап көрсетті өз сөзінде Ғ.Сәдібеков.
Кездесуде Ғани Сәдібеков мерейтой иесіне мықты денсаулық, аманшылық және отбасы бақытын тілеп, соңынан облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың атынан құттықтау хатты оқып, табыс етті.
Іс-шара барысында қонақтарға бейнефильм көрсетілді, оның арқасында келген адамдар Минир Галеевтің өмірбаянынан бірнеше қызықты деректерді білді.
Ол 1941 жылы Ақмола облысы Ерейментау ауданының Тастөбе кентінде туды. 1959 жылы 7 сыныпты аяқтаған соң ол жұмысшы жастар мектебіне баруды шешті. Оның еңбек қызметі 15 жасынан басталды, ол құрылыс-монтаж кеңсесіне жұмысқа түсті, бір жылдан соң шахтаға жұмысқа түсті, онда шахтер болу балалық арманы орындалды.
1977 жылдан 1980 жылға дейін Павлодар қиыршықтас карьераның басшысы болып қызмет атқарды, ал 1980-1982 жылдары Ақмола облысының Ерейментау кірпіш зауытының жетекшісі болды. 1982 жылы Минир Галеев Павлодар жол-құрылыс материалдары комбинатын басқарды. 1987 жылы ұйымдастырылған, құрамына Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Семей облыстары кіретін жол-құрылыс материалдарын шығаратын өндірістік бірлестіктің басшысы болды.
Минир Хамитович белсенді қоғамдық қызметті жүргізді. 1991 жылдан бастап ол татар-башқұрт қоғамдық-мәдени орталығында жұмыс істесе, 1993 жылдан бастап, жуырда өз 25 жылдығын атап өткен бірлестіктің басшысы. Кездесуде мерейтой иесінің әріптестері мен достары ол туралы жақсы пікірлер айтты, оларға кезінде қажетті қолдау, көмек көрсеткені туралы бірнеше жайды естеріне алды. Оның көптеген жолдастары үшін Минир Хамитович - кең пейілді жан, ерліктің, табандылықтың, адамгершіліктің үлгісі. Дәл осы қасиеттері мен абыройлы еңбегі үшін облысымызда да, оның шегінде де оны бағалап, құрметтейтіндер көп.
Марина КИСЕНКО,
«Звезда Прииртышья» Павлодар облыстық газеті
Смағұлова Назыгүл
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті