
13 Желтоқсан, 2016
1104
«Кемел келешекке – кемеңгер Елбасымен!»
Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобы «Кемел келешекке - кемеңгер Елбасымен» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіп, оған этномәдени бірлестіктердің белсенділері, медиаторлар, ақсақалдар мен аналар кеңесінің мүшелері қатысты. Конференция жұмысын ғылыми-сараптамалық топ төрағасының орынбасары, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Парида Мамедова ашып, жүргізіп отырды. Іс-шараның басты мақсаты қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, әсіресе жастар арасында рухани-адамгершілік, ортақ тарихи-мәдени құндылықтарды өсіру, «Мәңгілік ел» патриоттық актін қоғам санасында бекіту.
Конференцияда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Режеп Баярисов, бас сарапшы Лариса Лысова, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Дулатитану» орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Жанна Сейтқұлова, «Архыз» қарашай-балқар этномәдени орталығының жетекшісі Леля Узденова, жетекші-сарапшы Ербол Каншимбаев баяндама жасады.
Ғылыми-сараптамалық тобының бас сарапшысы Лариса Лысова өз баяндамасында «Бүгінде Қазақстан этносаясатында белгілі бір артықшылықтар қалыптасқан: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында этнос пен діни көзқарасқа қарамастан, азаматтар арасындағы тең құқықтық құрылып, жүзеге асырылған, қазақстандық біртектілік пен бірлік қалыптастырып, нығайып, этностардың мүдделерінің қалыптастырылуы жоғары мемлекеттік дәрежеде»,- деп атап өтті.
Конференция соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісе отырып, Тәуелсіздіктің мерейтойына қарсы қабылданған жаңа мақсаттарға жол бастайтын декларацияны талқылады.
Ұқсас жаңалықтар
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
9 Шілде, 17:11
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
10 Шілде, 16:32
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті