Кенді кәрі Алтайдың мәңгілік тыныштық құшағына бөленген Өскемен – 300 жаста

Өскемен қаласы келесі жылы 300-жылдығын атап өтеді. Осы айтулы оқиғаға орай аймақтың тарихи ескерткіштерінің анықтамалық кітабын шығару жұмысы қолға алыныпты. 

32d5b52a-78c0-48df-a11f-7dcad6990191.jpg

Достық үйінде Шығыс-Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Қоғамдық кеңестің рухани келісім бойынша эксперттік жұмыс тобының «Бәрімізде бір тарих» атты тақырыпта отырысы өтті. 

1.jpg


Оған Достық үйіндегі этномәдени орталықтардың жетекшілері, кітапханашылар, тарихшылар, этнограф ғалымдар, өлкетанушылар, Достық үйі директорының орынбасары Равиль Юнусов, ШҚО ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Геннадий Пуссеп, ШҚО этнографиялық мұражай-қорықтың архивисі Ирина Дурнова мен «ШҚО бойынша тарихи және мәдени мұраларды қорғау мекемесі» КММ директоры Талғат Сүлейменов қатысты. 

13.jpg

Отырыс барысында облыстағы барлық ескерткіштердің, ескерткіш тақтайшалар мен белгілердің жалпы хал-жағдайы талқыланды. Себебі облыс орталығының 300-жылдығына орай аймақтағы барлық дерлік тарихи ескерткіштер жайлы бір ортақ анықтама-жинақ шығару жоспарлануда. 

9d851c63364e.jpg

Кітапқа ШҚО аймағында орналасқан тарихи құндылығы бар нысандар туралы материалдар енгізілмек. Айта кеткен жөн, оқушылар аталмыш процесске өзіндік үлестерін қосып та үлгеріпті. Олар туған өлкелерінің мәдени-тарихи мұрасын зерттеуге шынайы қызығушылық танытуда. 

40fa1b6e-5fe4-42a3-bca4-fdfcc95dd842.jpg

Мысалға, қаладағы № 17орта білімді мектеп-гимназияның оқушылары мүғалімдерімен бірлесіп облыс орталығындағы 79 мемориалдық тақтайшаны зерттеп шыққан. «Зерттеулер барысында біз сонымен қатар Өскемен қаласының көшелерінің тарихи атауларымен, тарих және мәдениет ескерткіштері мен даңқты жерлестеріміздің өмірбаяндарымен етене жақын танысу мүмкіндігіне ие болдық. Жинастырылған барлық материалдар негізінде мемориалды тақтайшалар жайлы суреттердің жолсілтеме базасын қалыптастырдық», - дейді облыстық кітапхана маманы. 

7324695de61e.jpg

Мәжіліске қатысқандардың барлығы бір ауыздан Достық үйінің бастамасын жергілікті қалалар мен аудандардың активтері, бірқатар облыстық ведомстволар мен баспалар қолдау көрсету керек деген ортақ шешімге келді. 

e1df7e51-56ad-4c95-b18c-fa069a8890c6.jpg

Жалпы 300 жылдық тарихы бар Өскеменнің негізі қаланған кезең – XVIII ғасыр туралы тек әбден тозығы жеткен, тарих музейлерінде ұқыптылықпен сақтаулы ескі суреттерден ғана мағлұмат алуға болады. Тиісті экспозиция облыстық мұражайда ашылып, көрермендер назарына ұсынылған. 

11.jpg

1802-1810 жылдардағы Өскеменнің бекінісі түсірілген суреттер де облыстық тарих-өлкетану музейіндегі белгілі суретші Е. Корнеевтің картиналарының көрмесіне қойылған. 

c219ff5c-3fef-4754-8cde-18add0497702.jpg

1900 жылдардағы Өскемен болса пошта открыткаларында жақсы сақталып қалған. Қайтып келмес сол кездің Өскемені туралы сыр шертетін суреттерден қазір тек естелік болып қалған Покров соборы, өртсөндіру депосы мен жел диірмендерді анық көруге болады. 

92db45c3-d5a8-4f61-b07d-8607bb335fef.jpg

Өскеменнің тағы бір ерекшелігі сол, мұнда көне заманнан өндірілетін сары алтын облыс орталығының пайда болу тарихына өзінің асыл сәулесін түсіріп тұрғандай. 

20190401kzz01.jpg

Әуелбаста бекініс болып пайда болған Өскемен бертін келе үлкейп қала болып, одан кейін алтын өндірушілер орталығына айналып шыға келді. 

eafd0929026e.jpg

1894-1900 жылдардың өзінде, тарихи деректерге сенер болсақ, сол кездегі 132 кен орнында 3 тоннадан астам таза алтын өндіріліпті. 1932 жылы Өскеменде аймақтағы көптеген метуллургия және алтын өнеркәсібінің басын біріктірген «Алтайцветметзолото» тресті құрылды. 1939 жылы Өскеменге облыс орталығы мәртебесі берілді. 

20190512_174230.jpg

Араға 300 жыл салса да, алтын өндіру аймақтың басты кәсібі болып айқындалып отыр. Өскемендегі «Казцинк» металлургиялық кешеннің негізінде асыл металлдар шығару ісі меңгерілді. Бүгінгі таңда Өскеменде асыл металлдар өндіретін зауыт жұмыс істеуде. 

20190512_174916.jpg

Айтпақшы, цинк демекші, алғашқы металл қорытпасы 1947 жылы алынған. Бүгіндері ол Ұлба метуллургия зауыты деген атпен бүкіл әлемге танымал. Кезінде зауыттар қала шетінде орналасқан. Бертін келе олардың қасындағы аудандар кеңейіп, инфраструктура құрыла бастады. Сөйтіп, бертін келе өдіріс нысандары Өскеменннің орталығында қалып қойған. 

20190512_175218.jpg

Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы алтыны 1992 жылдың 18 қазанында өндіріліп, 1996 жылы Лондондағы халықаралық металлдар биржасының аттестациясынан өтті. 25 жыл ішінде Өскемен өлкесі мемлекеттік қазынаға жоғары сапалы 200 тонна алтын жөнелтіпті. 

20190512_180648.jpg

Осыған орай, «алтынның отаны» саналатын Өскемен өлкесінде облыс орталығының 300-жылдығына ырымдап 300 пұдтық (1 пұд – 16,38 кг) қоңырау құю ұсынысы айтылды. Бастаманың авторы Өскемен мен Семей епископы Амфилохий. Ол өзінің тапсырысын зауытқа жолдапты. 

20190512_175225.jpg

Бұған қоса епископтың Шығыс Қазақситанның тарихына арнап музей ашсам ба деген ойы да жоқ емес екен. Көне заманның ескерткіштері мен ескі ақшаларды жинаумен әуестенетін Амфилохий шіркеу музейіне өзінің антикварлық коллекциясының бір бөлігін тапсырды. 

2 ғимарат.JPG

«Өткенге мылтықтан оқ атсаң, болашақ саған зеңбіректен жуап ретінде қайтып келеді деген бір данышпанның сөзі бар екен. Сол себепті өткенді, тарихты ұмытуға болмайды, бекерден бекерге мазалай беруге де болмайды. Тарих қателікті кешірмейтінін ұмытпаған жөн. Осы тұрғыдан алғанда бәрімізге данагөйлік берсін деймін. Тек ақылмен жасалған іс қана тарихта өшпес із қалдырмақ. 

1 ғимарат.jpg

Менің бабаларым сонау 1770-жылдары Омбы жақтан осы Өскемен жеріне көшіп келіпті. Сол кезден бері біздің әулет осы жерде тамырын жайып, қалыптасқан. Сол себепті бұл жер менің туған жерім саналады. Мен ешқайда кетуді ойламаппын да. Он күннен астам бір жерге кетіп қалсам туған жерімді сағынып, артқа қайтқым келіп тұрады», - дейді епископ. 

20190513_100820.jpg

Ал Өскемендегі облыстық Пушкин атындағы кітапхананың оқырмандар залында облыс орталығының 300 жылдығына арналған «Ескі Өскеменнің романтикасы» атты көрме ашылды. 

20190513_133200(0).jpg

Онда көне қаладағы бекіністің сызбасы, Ертіс бойындағы экспедиция, ескі көшелер мен ғимараттардың көріністерін тамашалауға болады. 

20190512_180705.jpg

Өскеменнің тағы бір мақтанышы – Қасым Қайсенов атындағы паркте өсіп тұрған отаны сонау ыстық Мексика саналатын кактус-опунция. Бұл 40 градустық қақаған аяздарға төтеп беретін кактустың жалғыз түрі екен. 

20190328_30012.jpg

Өте әдемі гүлдейтін тікенекті өсімдіктен шырын мен сусындардың түр-түрін жасауға болады ебін таба білсе. Жалпы 5 га аумақты алып жатқан паркте ШҚО өсетін 100-ден астам бұта-талдар мен 50-ден астам ағаш түрлері топтастырылған. Яғни Қйсенов паркін ботаникалық бақ деуге әбден тұтрарлық.

20190513_100803.jpg

Әсем Жұмабекова

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайынахабарласыңыз.

Back to the list