Қазақстан халқы Ассамблеясы

18 Сәуір, 2017

1423

«Кентрон» армян этномәдени орталығының мерейтойы

Өзінің ұлттық сана-сезімін жақсы сезетін адамдар ата-бабаларының салт-дәстүрлерін ерекше қастерлеу арқылы өз өмірлерін құратыны ертеден белгілі. Армян халқы өзінің шынайы рухани байлығы – дінін, мәдениетін және ұлттық сан ғасырлық дәстүрлерін сақтай алды. Бүгінгі таңда некенің беріктігі, үлкендерді құрметтеу, туысқандық байланыстардың мықтылығы мен тереңдігі, туысқандық және көршілік өзара көмек көрсету, қонақжайлылық сынды дәстүрлер тұрақты сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында 1700 жуық армян тұрады. Бүгін «Кентрон» армян этномәдени орталығы өзінің мерейтойын тойлауда.

20 жыл бойы армян этномәдени орталығы Солтүстік Қазақстан облысының ассамблеясының негізінде қызмет істеп келеді. Жыл сайын оның мүшелері өз мәдениеті мен ұлттық дәстүрлерін сақтауға және алға басуға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізеді. Мерекеге жеті облыстан армян бірлестіктерінің төрағалары, сондай-ақ Қазақстандағы Армения елшілігінің консулы және «Наири» ҚР армян мәдени орталықтары қауымдастығының төрағасы келді.

Дәстүр бойынша туған күнге келген қонақтар өздерімен бірге мерейтой иелеріне сыйлықтар алып келеді. Армян орталығының төрағасы Говорг Геворкян үстелге қойылатын сағат, суреттер, дизайнерлік құмыра, тіпті ноутбук сыйға алды. Іс-шараға жиналған қауым «Кентрон» орталығының әр белсенді мүшесін марапаттап, атқарған жұмыстары  үшін алғыстарын айтып, шығармашылық табыс тіледі. Қазақстан халқының Солтүстік Қазақстан ассамблеясы да назардан тыс қалдырмады. Хатшылық меңгерушісі Наиль Салимов Геворг Вардановичке алғыс хат және «EXPO – 2017» көрмесіне үш билет табыстады. Күрд, кәріс, поляк, еврей және неміс орталықтарының төрағалары әріптестері мен достарын тамаша күнмен құттықтап, сыйлықтар берді.

Мерейтой қонақтары мазмұнды концерттік бағдарламаны, «Туған жер» ансамблінің орындауындағы жарқын билерді, армян орталығындағы шығармашылық ұжымдардың өнерін тамашалады. Жас ұрпақ орындаған армян билерінің алуан түрлілігі көрермендерді ерекше таң қалдырды.

Әдеттегідей, туған күн иелері мерекелік тортқа майшам жағып, тілек тіледі.

Барлық достардың басын қосқан меретой ойдағыдай өтті. Еліміздегі түрлі этностар арасындағы сан ғасырлық достық жыл сайын берік болу керек. Еліміздің әр азаматы осыған ұмтылатыны қуантады, бүгінгі күн – барлығымыздың бір шаңырақ астында бейбіт және тату жүргеніміздің көрсеткіші.

Кейін қарай