Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Қазан, 2020

592

«ҚХА 25 жыл» эстафетасы Атырау облысында жалғасын табуда

Атырау қаласынан бастау алған Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған шараларды өткізу эстафетасын Жылыой ауданы әкімі Халел Жамалов бастаған делегация Мақат ауданына жолдады.


Мерекелік шара аудандық мәдениет үйінде өтті. Шараға аудан әкімі, аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы, аудандық қоғамдық Келісім кеңесінің төрағасы, аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы, өзге ұлт өкілдері, кент, округ әкімдері және дербес бөлім басшылары қатысты. Мерекелік шарада аудан әкімі Шәкір Кейкин құттықтау сөзінде қашан да ел­дегі тыныштықты сақтау басты мақ­сатымыз екендігін атап өтті.


Мерекелік шара барысында Жылыой ауданы әкімі Халел Жамалов «Қазақстан Халқы Ассамблеясына 25 жыл» эстафетасын салтанатты түрде табыс етті. Кең Жылыой ауданынан қабылданған эстафетаны мақаттықтар енді киелі Қызылқоға ауданына жеткізетін болады.


Қазіргі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын маңызды құрылымға айналды.

Кейін қарай