10 Мамыр, 2020
2856
ҚХА: Ақтөбеліктер су тасқынынан зардап шеккен Мақтарал ауданына гуманитарлық көмек жіберді
Республикалық «Біз біргеміз» акциясы аясында Ақтөбе облысының Қазақстан халқы ассамблеясы Қазақстан халқы су тасқынынан зардап шеккен Түркістан облысы Мақтарал ауданына гуманитарлық көмек жіберді.
Апаттан аман қалған тұрғындарға мекеме қызметкерлері азық-түлік, киім-кешек, жатын орындарына қажетті төсеніштер мен жеке бас гигиенасына қажетті заттар жинап, 1 тоннаға жуық көмек көрсетті.
«Қоғамдық келісім» КММ-нің «Мақтааралға көмек» кабинетінде жинақталған гуманитарлық көмек жүк көліктеріне тиеліп Ақтөбе облысынан Түркістан облысына жолға шықты.
«Еліміздің оңтүстігінде болған бұл апат қабырғамызды қайыстырды. Күнделікті жаңалықтар мен ғаламтор арқылы бірнеше ауылдың бүтіндей суға кеткенін де көріп жатырмыз. Дәл қазіргідей сәтте бауырларымыз қиналып жатқанда көмек көрсету әрбір қазақстандықтың парызы деп есептеймін. ТЖ режимі мен карантин уақытына қарамай, мекемеге жиналып, қолдарынан келген көмекті көрсетіп жатқан қызметкерлер мен Ассамблея мүшелеріне, ЭМБ өкілдеріне, медиаторлар мен осы акцияның басы-қасында жүрген волонтерларға алғыс білдіремін»,- деді мекеме басшысы Н.Ағниязов.
Ал, өңірдегі этномәдени бірлестік мүшелері болса, «Бірлесе білген ел – бәрін жеңеді» деп, Елбасымыз айтқандай, бұл апатты да бәріміз бірге еңсеріп, жақын арада барлығы жақсы болатынына зор сенімдерін білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:52
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
27 Маусым, 14:47
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті