12 Тамыз, 2020
988
ҚХА: Абай күніне арналған іс-шараға 27 мың этнос өкілі қатысты
Қазақстан халқы Ассамблеясы «Абай күні» және ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына орай 10-11 тамыз күндері республикалық деңгейде онлайн поэзия фестивалін ұйымдастырған болатын.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Ұлы ақынның шығармашылық мұрасын насихаттап, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту еді.
Еліміздегі тұрақтылық пен бірлікті паш етуге арналған поэзия фестиваліне бастапқыда мемлекеттік тілді еркін меңгерген 175 этнос өкілін қатыстыру көзделген болатын. Оларға қазақ тілінде 175 өлеңін оқып, әлеуметтік желіде түрлі форматта бейнетүсірілім жариялау міндеттелген. Нәтижесінде ақынның поэзиясы мен әндерін орындаған өзге ұлт өкілдерінен 705 бейнеролик келіп түсті. Оның ішінде 521 қатысушы ақын өлеңдері мен аудармаларын қазақ тілінде оқыса, 127-сі басқа тілдерде айшықтауға тырысты. 126 өнерпаз Абай әндерін шырқап, қара сөздерін нақышына келтіріп оқып берді.
Барлық бейнежазбалар мен роликтер Қазақстан халқы Ассамблея сайты мен өңірлік құрылымдарының Facebook, Instagram, Vkontakte, Youtube, Telegramm желілерінде, түрлі ақпараттық сайттарда жарияланды.
Одан бөлек, «Абай күнінде» ҚХА ғалымдары мен сарапшылары Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Абай – рухани реформатор» мақаласының маңыздылығын талқылап, беделді БАҚ беттерінде 50-ден астам пікір жариялады.
Жалпы Қазақстан халқы Ассамблеясының Абай күніне арналған іс-шараларына республика бойынша 27 795 этнос өкілі қамтылса, онлайн конференцияға Facebook пен Zoom арқылы 965 сарапшы-ғалымдар мен тарихшылар қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Жамбыл облысының этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері бойынша ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы өтті
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады