15 Қазан, 2024
305
ҚХА АЛМАТЫДА МЕДИАЦИЯ ИНСТИТУТЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША ЕКІКҮНДІК СЕМИНАР ӨТКІЗДІ
2024 жылғы 14-15 қазанда Алматы қ.Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Елдесу және татуласу» жобасы аясында ҚХА Медиация институтын дамыту бойынша екі күндік семинар-тренинг өтті.
Іс-шараның ұйымдастырушысы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ.
Семинар-тренинг этносаралық қатынастар саласындағы жанжалды жағдайларды шешу бойынша медиация дағдыларын қалыптастыру және дамыту мақсатында өткізілді.
Іс-шараға ҚХА Республикалық медиация кеңесінің төрағасы – Ұлттық Құрылтайдың мүшесі Ш.Пулатов, этносаралық қатынастар саласындағы жаттықтырушы Ә.Әбжақов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қоғамдық келісім» РММ бас сарапшысы Т.Италиева, сондай-ақ ҚХА этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының өкілдері, БАҚ және т.б. қатысты.
Семинар-тренинг барысында этномедиация негіздері, оның ішінде медиацияның қағидаттары мен құралдары, жалпы медиатордың қызметі, этномедиацияның практикалық технологиялары талқыланды.
Талшын Италиева өз сөзінде ҚХА қызметінің негізінде жатқан қоғамдық келісімді қамтамасыз етудің басты міндеті медиация міндеттерімен тікелей байланысты екенін атап өтті.
Семинар-тренинг барысында Шерзод Пyлатов этносаралық қатынастар саласындағы медиациялық шараларды жүргізудің ерекшеліктеріне тоқталса, Әсет Әбжақов этномедиация рәсімдерін жүргізудің өзекті технологияларымен таныстырды.
Сонымен қатар, семинар барысында қатысушылар пікірталастарға белсене атсалысып, тәжірибе алмасып, этносаралық қатынастардағы медиацияның құқықтық негіздерімен, мәдениетаралық дамудың негізгі қағидаларымен және перспективаларымен танысты.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Актөбе облысы
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
24 Маусым, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
21 Маусым, 14:48
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
вчера, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті