Қазақстан халқы Ассамблеясы

19 Шілде, 2021

1096

ҚХА қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтайды

Қымбатты отандастар!

Қасиетті Құрбан айт мейрамы - бұл мейірімділіктің, жомарттықтың, жанашырлық пен жақын адамдарға деген қамқорлықтың мерекесі. Бұл мейрам әрдайым жүректеріңізді мейірімділік пен ризашылыққа толтырсын!

Біздің елде Құрбан айт түрлі этностар мен конфессия өкілдері арасындағы өзара сыйластықтың, достық пен бірліктің ерекше дәстүрлерін нығайтуға ықпал етіп келеді.

Осындай ерекше күнде сіздерге бейбіт өмір, жақсылық және табыс тілеймін! Жақындарыңыз бақытты, дендері сау болсын және отбасыларыңызда әрқашан махаббат салтанат құрсын!

Құрметті Қазақстан халқы!

Сіздерге жарқын ойлар, мықты сенім, бақыт, шаңырақтарыңызға тыныштық пен шаттық тілеймін!

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Кейін қарай