Қазақстан халқы Ассамблеясы

12 Мамыр, 2020

3131

ҚХА: Аймақтар мақтааралдықтарға қол ұшын берді

12 мамырда елордалық Достық үйінің аумағынан 8 млн теңгеден астам сомаға жалпы салмағы 16 тонна гуманитарлық жүк көлігі су тасқынынан зардап шеккен Түркістан облысының Мақтаарал ауданының тұрғындарына жіберілді.


Азық-түлік, бірінші кезекте қажетті заттар елордалық этномәдени бірлестіктердің көмегімен жиналды. Қаражат жинау мен ұйымдастыруға өзбек этномәдени орталығы, «Вайнах» шешен-ингуш және де елордалық этномәдени бірлестіктер, Аналар кеңесі, ҚХА жастары мен еріктілері, мейірімділік клубы ерекше үлес қосты.⠀


Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының бастамасымен «Жамбыл облыстық «Вынхуа» дүнгендер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері және Қордай ауданының Масаншы, Ауқатты, Сортөбе және Бұлар батыр ауылдарындағы дүнген этнос өкілдерінің кәсіпкерлері мен тұрғындары су тасқынынан зардап шеккен Түркістан облысы Мақтаарал ауданы тұрғындары мен қиын жағдайда қалған азаматтарға қолдау білдіру мақсатында гуманитарлық көмек жөнелтті.


Көршілес облысқа аттанған үлкен жүк көлігінде 5,5 млн теңге көлеміндегі қаражатқа азық-түлік, киім-кешек пен тұрмыстық заттар бар.

Қостанай облысы этномәдени бірлестіктер өкілдерінің, консультативтік-кеңестік органдар мен еріктелердің күшімен жиналған өнімдер Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен жандарға жіберілді. Қостанайлықтар өз отандастарына ұн, картоп, пияз, макарон, май, шай және тағы басқа азық-түлік қорын жолдады.


«Еліміздің оңтүстігіндегі су тасқыны сол аймақта тұратын азаматтарға көп зардабын тигізді. Жазықсыз мыңдаған отбасы далада қалды, олардың үйлері қирап, тұрмыстық заттары бұзылды. Біз мұндай жағдайға бейжай қарай алмай, гуманитарлық көмек жинауға тырыстық. Қамқорлық таныту біздің халқымыздың қанына сіңген асыл қасиет. Біз біреудің қайғысына немқұрайлы қарамаймыз және әрқашан көмек көрсетуге әзірміз. Қазақстандықтардың күші - бірлікте», - деді «Эребуни» армян қауымдастығы төрағасының орынбасары Сергей Григорян.

Алматы облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері Талдықорған қаласынан Түркістан облысына су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсету үшін 2 жүк автокөлігін жеткізді.

Қайырымдылық көмекті этномәдени бірлестіктер өкілдері, көпұлтты Қарасай, Іле аудандарының меценаттары ұйымдастырып, 25 куб құрылыс ағашы мен тұрмыстық жағдайға қажетті дезинфекциялық заттар және 10 тонна азық-түлікті Мақтаарал ауданына жолдады.


Бірнеше күн бұрын облыстық тәжік этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен 650 мың теңгеге 100 азық-түлік себеттері, сонымен қатар, 1,2 млн теңгеге күнделікті тұрмыста пайдаланатын 1200 қорап сабын жіберілді.

Бүгінгі таңда облыстық Аналар, Қоғамдық келісім кеңестері, өңірлік «Жаңғыру жолы» РЖҚ штабы, облыстық Ассамблея хатшылығы мамандары тарапынан 300 мың теңге жиналды. «Достық Үйі-қоғамдық келісім орталығы» КММ қызметкерлері еңбек ақысының 1 күндік жалақысын аудару туралы шешім қабылдады.

Кейін қарай