
13 Ақпан, 2016
1371
ҚХА «Қайырымдылық керуені» акциясы
12 ақпан күні «Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында ҚХА «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық қайырымдылық акциясының ашылуы өтті.
Бұл акцияның нышаны барлық облысты қамтып, қайырымдылық істерге толатын дәстүрлі қоржын былтыр қараша айында бірінші республикалық меценаттар және донорлардың қайырымдылық съезінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдеріне табыс етілген болатын. Қазіргі уақытта қоржын жақсы істермен толықтырылуда, оның қорытындысы 16 желтоқсанның қарсаңында өткізіледі.
- Бұл ауқымды жоба қазақстандық бірегейлікті, қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлікті нығайтуға көмектеседі! Акция ҚХА-ның «Қайырымдылық арқылы бірлік», «Бейбітшілік пен келісім жол картасы» және «ҚХА: 20 игі ісі!» эстафетасы» атты табыспен өткізілген жобаларының жалғасы болмақ. Қазіргі таңда қайырымдылық ерекше мағынаға ие! Біздің елдің барлық азаматтары – қазақстандықтардың жылы жүректерінен елдегі жақсылық, сенімділік, қайырымдылық, жалпыхалықтық келісім атмосферасы қалыптасуда. Өз азаматтарын ойлап, тұрғындарына қолдау және көмек көрсетіп отырған ел өзінің Тәуелсіздік туын жоғары көтеріп жүре алады, - деді өз сөзінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылық меңгерушісі Гүлвира Құдайқұлова.
ОҚХА жанындағы облыстық Аналар кеңесінің төрағасы Лилия Саркисян:
- Рақымдылық және қайырымдылық – біздің бірегей еліміздің басты ерекшелігі, ол ізгілікті қасиеттерді көптеген қиындықтар және сынақтар арқылы өтіп, сақтап келді. Осыдан жергілікті халықтың ғасырлар бойы ұстанған жоғары идеялы ежелгі ұстанымы көрінеді.
Бізде жақсы адамдардың көп екені қуантады. Мысалы, А.Байтұрсынов атындағы КМУ программалаушы-студенттері «Жақсылық картасы» (www.kartadobra.kz) сайтын құру және әзірлеу туралы өздерінің ұсыныстарымен біздің Кеңеске келді, оның ұраны «Бірге жақсылық жасайық!» деп аталады. Осы сайтта әр мұқтаж адам өз басында туындаған мәселесін жаза алады, көмек көрсеткісі келген азаматтар өз қол ұшын беріп отыратын болады. Интернет-портал таяу уақытта жұмыс жасайтын болады және өзінің көмегін көрсетеді деп үміттенеміз, - деп айтып кетті.
Осы іс-шараға басқарма басшылары, Аналар кеңесінің мүшелері, Қоғамдық келісім кеңестері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, студенттер, оқушылар, БАҚ өкілдері қатысты.
«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті