26 Қаңтар, 2023
41
ҚХА Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы 10 жылдық жұмысын қорытындылады
2023 жылғы 26 қаңтарда Алматы қаласы республикалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы 2012 жылдан 2022 жылға дейінгі 10 жылдық жұмысын қорытындылап, арнайы іс-шара өткізді. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, республикалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Алматы қаласы республикалық Достық үйінің қызметкерлері, Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығының құрылымдары мен филиалдарының өкілдері қатысты.
Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі М.А. Әзілхановтың Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығының 10 жылдық атқарылған жемісті жұмысына арналған бейнеқұттықтауымен ашылды.
Жиын барысында қатысушылардың бірауыздан қолдауымен Долкунтай Абдулхалил Қазақстан ұйғырлары республикалық этномәдени орталығының жаңа төрағасы болып сайланды және Ш.У. Нурумов аталмыш орталықтың құрметті төрағасы болды.
Сонымен қатар, қатысушыларға орталықтың 10 жылда атқарған нәтижелі жұмысының қорытындысы ұсынылды:
– 102 фестиваль,
– 1040 қайырымдылық акциялары,
– 150 ғылыми-практикалық конференциялар,
– Халықпен 3000-нан астам кездесу,
– 280 спорттық іс-шаралар мен жарыстар өтізіліп,
– 2.8 млрд теңгеге жобалар іске асырылды.
– 30 кітап басылып шығарылды;
– Мектеп оқушыларымен түрлі қызықты 105 іс-шара ұйымдастырылды.
Жиын соңында барлық құттықтаулар, шынайы алғыстар мен жылы лебіздер Қазақстан ұйғырлары республикалық этномәдени орталығының құрметті төрағасының атына жолдана отырып, Ш.Нурумовқа ҚХА Төрағасының орынбасары М.Әзілхановтың арнайы алғыс хаты ұсынылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ӘЙЕЛДЕР МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА ҚХА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІ БАС ҚОСТЫ
-
ҚХА кафедралары Алғыс айту күнін атап өтті
-
Сенаторлар және ҚХА өкілдері алдағы бірлескен жұмыстың басым бағыттарын талқылады
-
ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі М.Әзілханов ҚХА ҒСК жұмыс отырысын өткізді
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кабинеттерінің ашық есік күні»
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Өзбекстан Республикасынан келген делегациямен кездесті
8 Наурыз, 11:04
Құрметті ханымдар!