30 Қараша, 2020
729
ҚХА қазақстандықтарды ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтайды
Құрметті отандастар!
Сіздерді жалпыхалықтық мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймыз!
Еліміздің тарихында бұл күн ерекше тағдыршешті маңызға ие. Мерейлі дата Тұңғыш Президет-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанды құрып, дамытудағы көрнекті мемлекеттік қайраткерлігі мен тарихи миссиясын паш етеді.
Елбасының саяси даналығы мен шешімталдығының, стратегиялық көрегендігі мен батыл ерік-жігерінің арқасында экономикалық және әлеуметтік реформалар табысты жасалды, саяси жүйенің кезең-кезеңімен демократиялануы сәтті жүзеге асырылып, біртұтас Қазақстан халқының ұлттық коды бекемделді.
Мемлекет басшысы мультимәдени синергия есебінен Қазақстанның полиэтникалық ахуалын біздің еліміздің басты қуаты мен байлығына, табыс пен бәсекеге қабілеттілік қасиеттеріне айналдыра білді. Оның саяси сарабдал шешімімен дүниеге келген Қазақстан халқы Ассамблеясы ширек ғасыр ішінде халқымызды топтастырудың, азаматтық қоғам жүйесін дамытудың тиімді институты бола білді, жалпы құндылықтар негізінде ел-жұртты біріктіретін жалпыхалықтық конституциялық органға айналды.
Қазақстанның Тұңғыш Президентін бүгінде әлем жұртшылығы дүниежүзіндегі ең жарқын және беделді көшбасшылырдың бірі деп санайды.
Оның көпвекторлы саясаты, интеграция мен бейбітшілікті қолдау бастамалары, ядролық қарусыздануға қосқан орасан үлесі арқасында Қазақстан шекарасы халықаралық деңгейде бекемделіп, ел егемендігі мен тәуелсіздігі бірауыздан мойындалды.
Қазақстан халқы үшін Тұңғыш Президент күні – бұл бірінші кезекте бейбітшілік пен келісім, тұрақтылық пен қауіпсіздік, ертеңгі күнге сенім үшін Н.Назарбаевқа деген бүкілхалықтық сенім мен алғаусыз адамгершілік алғыс.
Құрметті халайық!
Елбасымыз қазақ халқының нағыз отансүйер ұлы ретінде Отанға шексіз қызмет етудің, жауапкершілік пен патриотизмнің, азаматтық парыздың нағыз үлгісін көрсетті. Тұңғыш Президент жолы – бұл әр азаматтың, Қазақстанның болашаққа нұрлы жолы!
Әр отбасына амандық, бақыт пен тұрақтылық тілейміз!
Шаңырақтарыңызда шаттық шалқысын, бірліктеріңіз бекем болсын!
Қазақстан халқы Ассамблеясы
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
6 Шілде, 11:50