
07 Қаңтар, 2021
231
ҚХА қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтайды
Құрметті отандастар!
Қазақстан халқы Ассамблеясы православ христиандарын және барша қазақстандықтарды жарқын мереке – Христос Рождествосымен шын жүректен құттықтайды!
Рождество мейрамы әуелден адамзаттың ең таза және ең жақсы қасиеттерін белгілеп берді, үміт сыйлады, мәдениет пен тарихты өзгертті. Ол ұлттық және әлеуметтік айырмашылықтарға қарамастан, қазіргі әлемнің рухани-мәдени және өнегелік келбетін қалыптастыруға үлкен әсер етті.
Қазақстанда православие басқа дәстүрлі діндермен қатар қоғамдық келісім мен бірліктің маңызды элементтерінің бірі болып отыр. Қазақстандықтар Рождествоны әрдайым тату-тәтті тұрмыс кешу, өзара түсіністік пен бірін-бірі қолдау атмосферасында атап өтеді.
Біз бұған Тәуелсіздік жылдары Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізде бейбітшілік пен келісім орнату саясатын ұстанудың арқасында қол жеткіздік. Соның негізінде өзіміздің полиэтностық және поликонфессиялық қалпымызды стратегиялық артықшылыққа айналдырдық, ал Қазақстан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің орнына айналды.
«Ел бірлігі – оның әралуандылығында» моделі мемлекеттің табысты дамуының маңызды факторы болып қала береді.
Біз қазақстандық дәстүрлі құндылықтарға сүйене отырып, болашақты бейбітшілік пен келісім, құрмет пен әділеттілік қағидаттары негізінде құрамыз.
Қымбатты жерлестер!
Айтулы тамаша мерекені қарсы алып отырған азаматтардың барлығын құттықтаймыз. Шаңырақтарыңыз қуанышқа, жылулық пен құт-берекеге толсын!
Осы қуанышты күні Сіздерге зор денсаулық, бақыт және барлық игі істеріңізге табыс тілейміз!
Қазақстан халқы Ассамблеясы
Ұқсас жаңалықтар
-
Семейде үздік татар тағамы анықталды
-
Елорда Достық үйінде зағип жандар қоғамын қолдау шарасы ұйымдастырылмақ
-
Жамбыл облысында өткен Аналар кеңесінің отырысында әйелдің отбасындағы орны талқыланды
-
Қордайда славян этномәдени бірлестігінің 20 жылдығы аталып өтті
-
Қызылордада жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетілді
-
Таразда медиацияның ашық есік күні өтті
26 Ақпан, 15:19
Мағауия Қанапияұлы: «Алғыс айту – риясыз ризалықтың нышаны»
2 Наурыз, 11:36
Алғыс айту күніне орай бірнеше облыста мерекелік іс-шара өтті
26 Ақпан, 11:31
Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде Алғыс айту күніне орай бірқатар іс-шара өтіп жатыр
1 Наурыз, 16:45
Қордай ауданында «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» эстафетасы бастау алды
26 Ақпан, 16:21
Астанада Алғыс айту күнінің белгіленгеніне 5 жыл толуына орай ҚХА дөңгелек үстелі өтеді
САУАЛНАМА
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің алғашқы республикалық форумы қашан өтті?
2011 жылдың 7 қыркүйегі 2013 жылдың 24 сәуірі 2014 жылдың 13 қарашасы
Ұқсас жаңалықтар
-
Семейде үздік татар тағамы анықталды
-
Елорда Достық үйінде зағип жандар қоғамын қолдау шарасы ұйымдастырылмақ
-
Жамбыл облысында өткен Аналар кеңесінің отырысында әйелдің отбасындағы орны талқыланды
-
Қордайда славян этномәдени бірлестігінің 20 жылдығы аталып өтті
-
Қызылордада жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетілді
-
Таразда медиацияның ашық есік күні өтті