28 Маусым, 2021
367
ҚХА БАҚ қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтайды
Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан кәсіби мереке – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Қызметтік парыз бойынша сіздер әрдайым оқиғалар мен жаңалықтардың эпицентрінде жүріп, оқырмандар мен көрермендерге біздің елімізде және әлемде болып жатқан ең маңызды оқиғалармен бөлісесіздер.
Ақпараттарыңызда өткір саяси, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді көтеріп, оларға жауап іздейсіздер. Біз сіздердің кәсіби шеберліктеріңізді және еліміздегі, әлемдегі қоғамдық, экономикалық, мәдени үдерістердің объективті жариялануын жоғары бағалаймыз.
Сіздердің атқарған жұмыстарыңыз ерекше мәнге ие – сіздер қоғамдық пікір қалыптастырасыздар, сондықтан сенімділік, бейтараптық, жеделдік, еркін және тәуелсіз журналистиканың басты қағидаларының бірі болып табылады.
Осы маңызды күні қазақстандық журналистерге мемлекеттік саясатты қалыптастыруда, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға қосқан орасан зор еңбектеріңіз үшін ерекше алғысымызды білдіреміз. Журналист сөзі еліміздегі бейбітшілік пен келісім саясатының маңызды элементтерінің бірі болып табылады.
Баспасөз әрқашан Қазақстан Республикасындағы тәуелсіздігімізді, мемлекеттілігімізді, бейбітшілік пен келісімді нығайту үшін әрекет ететін қоғамның маңызды институты болды және солай қала береді.
Сіздерге денсаулық, амандық, толағай табыстар мен кәсіби салада жетістіктер тілеймін!
М. Бекбаева, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағаның орынбасары- Ресми өкілі
Ұқсас жаңалықтар
-
Жамбыл облысының этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері бойынша ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы өтті
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
Ә.Қайырбек Гималай шыңында күй орындап, ҚХА 30 жылдығымен құттықтады
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы