22 Желтоқсан, 2021
80
ҚХА депутаттық тобының мүшесі М.Төлепберген Қызылорда облысына келді
Қызылорда облысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының мүшесі М.М.Төлепберген Этносаралық қатынастардың өзекті мәселелері бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында іссапармен келді.
Іссапар Қармақшы ауданы, ІІІ Интернационал ауылынан басталды. М.М. Төлепберген Цай Ден Хак атындағы мұражаймен танысып, ауылдық Мәдениет үйінде тұрғындармен кездесті. Сонымен қатар, «Достық жер МК» ЖШС-нің қырман жұмысымен танысып, ауылшаруашылығы саласының өкілдерімен кездесті.
ІІІ Интернационал ауылынан кейін депутат сапары Жалағаш ауданы, Бұқарбай батыр ауылында жалғасты. Ауылдық Мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесіп, сұрақтарына жауап берді.
21 желтоқсан күнгі жұмыс барысын халық қалаулысы Қызылорда қаласындағы Ж. Нұрманов атындағы №198 мектеп-лицейімен танысудан бастап, Достық үйінде облыстық ішкі саясат басқармасы, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, өңірлік Қазақстан халқы ассамблеясының құрылым басшылары мен этномәдени бірлестік жетекшілері, дін және БАҚ өкілдерімен кездесумен жалғастырды.
Кездесуді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы М.Ж.Казбекова ашып, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыстарына тоқталып, халықтың бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының мүшесі М.М.Төлепберген жиын барысында мемлекеттік этносаясат мәселелері туралы айтып, кездесу соңында бірқатар азаматтарды Қазақстан халқы Ассамблеясының арнайы Алғыс хаттарымен марапаттады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордаға германияның бас консулы келді
-
ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығы жаңа асуларды бағындыруда
-
Қызылордада стринг арт үйірмесі ашылды
-
ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің жұмыс отырысы өтті
-
Жамбыл облысында ҚХА мүшелері 1830 тұрғынға қайырымдылық көрсетті
-
ҚХА-ның трансформациясы қоғамдық құрылымдарға өз септігін тигізеді
1 Мамыр, 10:58
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
4 Мамыр, 12:30
Татулығымыз бір шаңырақ астында
4 Мамыр, 12:26
Бірлік – береке бастауы
1 Мамыр, 09:15
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
3 Мамыр, 14:45
Нұр-Сұлтанда «Әбдіжәміл Нұрпейісов: өмір сыры мен шығармашылығы» атты халықаралық конференция өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордаға германияның бас консулы келді
-
ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығы жаңа асуларды бағындыруда
-
Қызылордада стринг арт үйірмесі ашылды
-
ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің жұмыс отырысы өтті
-
Жамбыл облысында ҚХА мүшелері 1830 тұрғынға қайырымдылық көрсетті
-
ҚХА-ның трансформациясы қоғамдық құрылымдарға өз септігін тигізеді