Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Қараша, 2021

333

ҚХА этномәдени бірлестіктерінің өкілдеріне арналған семинар-тренинг өтті

Ағымдағы жылғы 1 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің өкілдеріне арналған практикалық семинар-тренинг өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Возрождение» қазақстандық немістер бірлестігі» ҚҚ төрағасы А. Рау, Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ. Шойкин, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, этномәдени бірлестіктер, жастар өкілдері, облыстардың «Қоғамдық келісім» КММ басшылары және т.б. қатысты.


Семинар-тренинг шеңберінде қатысушылар өзекті мәселелерді, ҚХА этномәдени бірлестіктері қызметіндегі интермәдениеттілік принциптерін, киберкеңістіктегі қауіпсіздіктің психологиялық аспектілерін талқылады.


Іс-шарада қазақстандық жастар этносаралық қатынастарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты ілгерілетуде қоғамның драйвері болып табылатыны атап өтілді.

Семинар-тренинг барысында қатысушылар жұмыс тәжірибелерімен бөлісті, жобалар, оларды іске асыру тетіктері, одан әрі бірлескен жұмыстың мүмкіндіктері мен перспективалары туралы айтып берді.


Кейін қарай