02 Ақпан, 2024
385
ҚХА КӘСІПКЕРЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ ҚАРАҒАНДЫДА КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кәсіпкерлер қауымдастығының Вице-президенті Джамбулат Тангиев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды. Сапар аясында өңірдегі кәсіпкерлермен және ҚХА-ның активімен бірқатар кездесулер өтті, онда ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығының Даму стратегиясы талқыланды.
Бірінші кездесу облыстық Достық үйінде өтті, оған Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ұлан Әдепбеков, Қарағанды облысы кәсіпкерлік басқармасының өкілі Қуандық Пазылкәрім, «Қоғамдық келісім» КММ директоры Гүлнара Қасембаева, ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығының орынбасары Еркін Абдулманафов және ҚХА мүшелері қатысты. Кездесу барысында ҚХА Кәсіпкерлер Қауымдастығының жаңартылған тұжырымдамасы, өңірді дамытуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жобаларға кәсіпкерлердің қатысуы және халыққа қайырымдылық көмек беру талқыланды.
Әрі қарай Джамбулат Тангиев Қарағанды облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Ернар Күлпейісовпен кездесіп, облыстың Кәсіпкерлер палатасы мен «Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлерінің Қауымдастығы» ЗТБ арасындағы өзара тиімді әріптестік қарым-қатынасты талқылады.
Соңында «AMANAT» партиясының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы, ҚХА Төрағасы Ақсақалдар кеңесі Бекзат Алтынбековпен кездесу өтті. Әңгіме барысында облыстың Ақсақалдар кеңесі төрағасы өз тәжірибесімен бөлісіп, өңірдегі кәсіпкерлер Қауымдастығының жұмысын жандандыруға бағытталған маңызды кеңестер берді.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
вчера, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
6 Шілде, 09:06
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады