Қазақстан халқы Ассамблеясы

01 Наурыз, 2023

255

ҚХА кафедралары Алғыс айту күнін атап өтті

Алғыс айту күнін мерекелеу аясында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қабырғасында «Отаным – мейірімділік мекені» атты іс-шара өтті.

Өз алғы сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М.Әзілханов ғылыми, білім беру және қоғамдық маңызы бар бірлескен жобаларды іске асыруда Қазақстан халқы Ассамблеясына тұрақты қолдауын көрсетіп жүрген ректоры Е.Сыдықов бастаған Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың барлық ұжымына өзінің алғысын білдірді.

«Мен бұл күні Мемлекет және қоғам қайраткерлерінің тұтас тобын тәрбиелеген және Қазақстанның адами капиталын дамытуға елеулі үлес қосуды жалғастырып келе жатқан ірі отандық жоғары оқу орындарының бірінің қабырғасында болғаныма өте қуаныштымын», - деді М.Әзілханов.


2014 жылдан бастап Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында жұмыс істейтін ҚХА кафедраларының республикалық қауымдастығы өз қызметінде жоғары оқу орындарын, бейбітшілік және келісім орталықтары кафедраларының жұмысын ерікті негізде біріктіріп, қоғамдық келісімді, қазақстандық бірегейлік пен патриотизмді нығайту бойынша оқу-тәрбие бағдарламаларын әзірлеуге ықпал ететін қоғамдық маңызы бар ғылыми-әдістемелік орталық болып табылады.

Қауымдастық 2020 жылдың 24 желтоқсанынан бастап «Шаңырақ» Республикалық қоғамдық бірлестігі ретінде тіркеліп, заңды тұлға мәртебесіне ие болды. Бұл оның әлеуметтік мемлекеттік тапсырысты, азаматтық бастамаларды, ғылыми ынтымақтастықты іске асыру мүмкіндіктерін кеңейтеді.

2021 жылдан бастап ЕҰУ-да «Этносаясаттану» жаңа білім беру бағдарламасы жұмыс істейді. Бүгінде 21 магистрант Қазақстан үшін сұранысқа ие бағытты игеруде.

«Шаңырақ» ҚХА кафедралар қауымдастығы ұйымдастырған мерекелік жиынға ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, еріктілер мен жастар қатысты.


Кейін қарай