29 Қараша, 2016
1443
ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
2016 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықова Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған кеңейтілген отырысына қатысты.
Отырысқа ҚХА Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Е.Л.Тоғжанов, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, Ассамблея мүшелері, қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Гүлшара Әбдіқалықова өз сөзінде Тәуелсіздік жылы «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі қабылданғанын, Ассамблеяның институционалдық тұрғыдан нығайтылып, жаңа функционалдық бағыттарының жүзеге асқанын атап көрсетті. Бұл ҚХА қоғамдық келісім кеңестері мен медиация жүйесі орныққан, «Үлкен ел – Үлкен отбасы» жалпыреспубликалық жобасы мен ҚХА-ның ауқымды қайырымдылық жобалары жүзеге асқан жыл болды.
ҚР Мемлекеттік хатшысы қатысушыларды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтап, Ассамблея мүшелерінің, этномәдени бірлестіктер мен ҚХА құрылымдарының қоғамдағы бірлік пен келісімді, тұрақтылықты қамтамасыз етудегі үлесін атап өтті.
Отырыс барысында Елбасы – ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтің басшылығымен еліміздің Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктері, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін қалыптастыру мен дамытудағы Президенттің рөлі талқыланды.
ҚХА кафедралары қауымдастығының төрағасы А.А.Башмаков өз сөзінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің қалыптасуы мен нығаюындағы Елбасының рөліне тоқталды. Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Р.С.Халмурадов «Қазақстан халқы Ассамблеясы - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің берік негізі» деген тақырыпта баяндама жасады.
Достық үйлері әдістемелік кеңесінің төрайымы Н.Д.Нестерова Тұңғыш Президент күніне арнап ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ шығарған Ізгі тілектер кітабын (халықтың президентке жазған хаттары) таныстырды. «Менің Елім – Мәңгілік Ел» атты жалпыреспубликалық жастар акциясының нышаны «Мәңгілік Ел» жастарының жетістіктері – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» - «Достижения молодежи «Мәңгілік Ел» к 25-летию Независимости Республики Казахстан» атты кітап туралы акцияның белсенді қатысушысы М.Споткай айтып берді.
Сондай-ақ отырыс барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы қатарына жаңа мүшелер қабылданды – олар қоғам қайраткерлері, белгілі спортшылар, Қазақстан этностарының жас өкілдері және басқалар.
Жұмыс қорытындысы бойынша ҚХА Кеңесі Мемлекет басшысына үндеу қабылдады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
КОСШЫ ҚАЛАСЫНДА «ОТБАСЫ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
-
Ә.Қайырбек Гималай шыңында күй орындап, ҚХА 30 жылдығымен құттықтады